Қазақстанға Украинадан репатриациялық рейстер орындалады

Украинада қалған қазақстандықтар елге репатриациялық рейстермен жеткізіледі. Бұл туралы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінің ресми сайтында жарияланған Қазақстан үкіметінің жаңа қаулысында айтылған, — деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Үкіметтің қаулысына сәйкес, репатриациялық әуе рейстерін «Эйр Астана» әуекомпаниясы орындайды. Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.

Украинада қалған қазақстандық азаматтарды Польшаның Катовице қаласы арқылы эвакуациялайтын болады. Бұл — Украинадан оралған қазақстандықтар үшін белгілі бағыт.

Еске салайық, алғашқы репатриациялық рейс 28 ақпанда Алматыға қонды. Қазір Украинадан барлығы жеті репатриациялық рейс жасалды. Соңғысы 28 наурызда Катовицеден Алматыға ұшып келді.

ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері ауыл тұрғындарын Қарттар күнімен құттықтады

Қарттар күніне орай Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының...

Алматинцы потратили более 130 млрд тенге из средств ОСМС

В 2026 году Фонд медицинского страхования оплатил медорганизациям Алматы...

Алматылықтар МӘМС қаражатынан 130 млрд теңге жұмсады

2026 жылы Медициналық сақтандыру қоры Алматы қаласындағы медицина ұйымдарына...

БІРІНШІ ҚАЗАН – АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТУҒАН КҮНІ

Қазақтың жоғары білім тарихын Абай университетінің шежіресінен бөліп қарай...