12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ACIBADEM – ШЫМКЕНТТЕ

Түріктің танымал ACIBADEM клиникалар желісінің өкілдігі өткен жұма күні Шымкентте тұсауын кесті.

ACIBADEM-нің медицина саласындағы жолы 1991 жылы Ыстамбұлдағы шағын ғана аудандық клиникада басталған. Ал бүгінде ACIBADEM клиникалар желісі өзінің 21 клиникасымен, сервистік компаниялардың басын біріктірген 13 медициналық орталықтарымен танымал болып, медицина саласының әлемдік көшіне ілесті.

ACIBADEM-нің жарқын болашағы 2012 жылы IHH Healthcare компаниясымен біріккен серіктестікке қол қойылғаннан кейін ашыла түскен. Сол уақыттан бастап ACIBADEM Healthcare Group Македониядағы, Болгариядағы медициналық қызмет көрсету жүйесінде, сондай-ақ осы мемлекеттерге медициналық құрал-жабдықтарды тасымалдау саласында көшбасшы болып, ауқымын кеңейтті әрі қадамын нықтап, қауқарын арттыра түсті.

ACIBADEM клиникалар желісінің қызмет көрсету жүйесі де сан-салалы. Айталық, ересектер мен жас балаларға арналған кардиологиялық қызмет көрсету орталықтары жүрек қан тамырларының бастапқы диагностикасын жасап, оны емдеумен айналысса, 9 орталығы омыртқа, жүйке ауруларын емдеу кезінде EOS қондырғы аппаратының қызметін пайдаланады. Бұл емдеу әрі диагностика жасау аппаратының ерекшелігі – адам ағзасына радиациялық әсердің аздығымен және 3D бейнесурет көрінісінің жоғары сапалылығымен айқындалады. Сонымен қатар, ACIBADEM-нің ағзаларды транспланттау 6 орталығының білікті дәрігерлері ересектер мен жас балалардың бүйрек, бауыр сырқатына байланысты дәл әрі сапалы қызметтерін көрсете алады.

Бүгінгі таңда ACIBADEM-нің өкілдіктері Алматыда (2016 жыл), Тәшкенде (2011 жыл), Бішкекте (2012 жыл), Бакуде (2010 жыл), сондай-ақ Германия, Голландия, Ресей, Татарстан мемлекеттерінде ашылып, қызмет көрсетеді. Ал Шымкентте ашылған ACIBADEM өкілдігі Қазақсандағы екінші қала болып, өз жұмысын бастады. Айтулы іс-шараға Шымкент қаласындағы медицина орталықтарының қызметкерлері, дәрігерлер қатысып, пікірлерін ортаға салды.

Сейітхан Зеберханұлы

Абайдың мұрасы – сарқылмас қазына

Абай XIX ғасырдың бірінші жартысының соңында қазіргі Шығыс Қазақстан...

Гранит чьей-то совести

АЛМАТЫ НА СЛАВИТСЯ ГОРЫ, УЮТНЫМИ СВОИМ ЖИВОПИСНЫМ УЛИЦАМИ И СТРЕМЛЕНИЕМ...