12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Үкіметте жаңа облыстарды құру жоспары бекітілді

Үкіметте Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарын құру туралы Президент Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. 

Іс-шаралар жоспары мына шараларды қамтиды:

  • жаңа облыстардың шекараларын белгілеу;
  • орталық мемлекеттік органдардың аумақтық органдарын құру;
  • орталық және жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекіту;
  • жаңадан құрылған облыстар арасында бюджет бөлу балансын қабылдау;
  • облыстарды құру шеңберіндегі шығысты республикалық бюджетті қалыптастыру мен нақтылау үшін қарауға енгізу.

Жоспардың қабылдануы жаңадан құрылған және қайта ұйымдастырылған облыстарда мемлекеттік органдардың жұмыс істеуі үшін қажет іс-шаралардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қаржылық шығындарды қажет етпейді.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр жаңа облыс орталықтарында бірқатар көшпелі кеңес өткізді, кеңес барысында өңірлердің әкімшілік ғимараттарын сатып алуға, жалға алуға және жөндеу жүргізуге дайындығы мен қажеттіліктері бағаланды.

Жүргізілген талдау жұмыстары жаңа облыс орталықтарында мемлекеттік органдар мен қызметкерлерді орналастыру және олардың жұмыс істеуі үшін әкімшілік ғимараттар дайын екенін көрсеткен.

Айта кетейік, биыл 16 наурызда Мемлекет басшысы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстанда үш жаңа облыс құрылатынын мәлімдеді. Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында Үкіметтік комиссия құрылды, ол аудандық және облыстық мәслихаттар деңгейінде жария тыңдаулар ұйымдастыруды, тұрғындардың жергілікті өкілді органдармен кездесулерін, сондай-ақ, республикалық ономастикалық комиссияның отырысы секілді ауқымды жұмыс жүргізді.

Заң мен тәртіпті сақтау — жалпыға ортақ міндет

Заңның үстемдік құруы барлық мемлекет үшін басты құндылық саналады. ...

Кәсіпкер егіз қыздардың жұбын жазбай, арман мектебіне бірге оқуға түсуге көмектесті

Айым және Гүлім Орынбасар – Түркістан облысының Қазығұрт ауылында...

АҚШ-тың үздік жақ-бет реконструктивті-пластикалық хирургтары Алматыда балаларға ота жасайды

Алматыда Қазақстандағы Америка Сауда Палатасының (AmCham) гуманитарлық медициналық миссия...

Қазақстандық оқушылар Таиландтағы әлем чемпионатында ел намысын қорғады

2025 жылдың 29 маусымы мен 3 шілдесі аралығында Таиландтың...