12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Жыл басынан бері Қазақстанға қанша қандас оралды?

Жыл басынан бері 5 679 этникалық қазақ қандас мәртебесін алды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

«2022 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 5 679 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 93,5 мың этникалық қазақ оралды», — делінген хабарламада.

Жыл басынан бері Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (68,7 пайыз) Өзбекстаннан, 10,4 пайыз — Қытайдан, 8,8 пайыз — Түрікменстаннан, 2,6 пайыз — Моңғолиядан және 9,5 пайыз басқа елдерден қоныс аударғаны айылды.

Келген этникалық қазақтар негізінен мына өңірлерге қоныстанған:

  • Алматы облысы — 31,1 пайыз;
  • Маңғыстау облысы — 18,8 пайыз;
  • Түркістан облысы — 10,3 пайыз;
  • Жамбыл облысы — 6,2 пайыз;
  • Алматы — 6 пайыз;
  • Нұр-Сұлтан — 6,9 пайыз;
  • Шымкент — 7,9 пайыз.

Вндомсвто мәліметінше, биыл 1 маусымдағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 63,2 пайыз, еңбекке қабілетті жастан кіші қоныс аударушылар саны 22,8 пайыз және зейнеткерлер саны 14 пайыз.

«Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 11,4 пайызы жоғары білімді, 40,3 пайызы орта кәсіби білімді, 46,6 пайызы жалпы орта білімді және 1,7 пайызның білімі жоқ», — делінген хабарлмада.

Абайдың мұрасы – сарқылмас қазына

Абай XIX ғасырдың бірінші жартысының соңында қазіргі Шығыс Қазақстан...

Гранит чьей-то совести

АЛМАТЫ НА СЛАВИТСЯ ГОРЫ, УЮТНЫМИ СВОИМ ЖИВОПИСНЫМ УЛИЦАМИ И СТРЕМЛЕНИЕМ...