Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысы тағайындалды

Ержан Тоқтарханов Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы министрлігіне сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі аппаратының басшысы Абзал Бейсенбекұлы Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымына жаңа басшыны таныстырды. Бұл қызметке Ержан Калимбекович Тоқтарханов тағайындалды», — делінген хабарламада.

Ержан Тоқтарханов 1975 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Білімі бойынша — экономист, заңгер. Сәкен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі — 24 жыл. 1997 жылдан бастап Өскемен қаласы бойынша салық инспекторынан Салық комитетінің төрағасына дейінгі лауазымды қызметтерді атқарған.

Әр жылдары Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде басқарма басшысы лауазымын атқарған, сондай-ақ Астана қаласы Сарыарқа ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасын басқарған.

2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің бақылау департаментінің және Ақпараттық технологиялар департаментінің директоры қызметін атқарды.

Әдеп нормаларын сақтау міндет

Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігі мен қызметтік әдебі, мінез-құлқы, этикалық...

Раздел без согласия

В КАЗАХСТАНЕ НАРАСТАЕТ ЧИСЛО ОБРАЩЕНИЙ, СВЯЗАННЫХ С НАРУШЕНИЯМИ В...

Жапон студенттері Іле-Алатауда қазақ мәдениетімен танысты

Наурыздың шуақты күндерінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім...

Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің әкімшілік құқық бұзушылық жауаптылығы

Жалпы, кәмелетке толмағандар деп 18 жасқа толмаған тұлғаларды айтады....

Законного представителя оштрафовали за нахождение подростка в ночное время вне дома

Специализированным межрайонным судом по делам несовершеннолетних Жамбылской области за...