Үндістанда Абай ескерткіші ашылды

Нью-Делидегі (Үндістан) Сан Мартин Парк скверінде Абай Құнанбайұлы бюстінің салтанатты ашылу рәсімі өтті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сауда және интеграция министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараға Қазақстан премьер-министрінің орынбасары — сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, Үндістанның сыртқы істер және мәдениет мемлекеттік министрі Минакши Лекхи, сондай-ақ дипломатиялық корпус өкілдері қатысқан.

«Абай — ұлы ақын ғана емес, кемеңгер ойшыл, әйгілі ағартушы. Ол жұртты ғылым игеруге, білімдар болуға үндеді. Жаңашылдық пен жасампаздықты дәріптеді. Абай мұрасы — біздің елімізге ғана емес, барша адамзатқа ортақ құндылық», — деді Сұлтанов.

Бақыт Сұлтанов Абай бюстінің орнатылуы екі ел арасындағы рухани ынтымақтастықты одан әрі нығайта түсетінін атап өтті. Сондай-ақ, тараптар білім, ғылым және мәдениет саласындағы ынтымақтастықты дамытуды жалғастырады.

Сот үкімінің әділдігі: теориялық және практикалық аспектілер

Сот үкімі – сот төрелігін жүзеге асырудың негізгі актілерінің...

Алматыда «Көкжайлау шатқалында Almaty Superski тау курортын салу» жобасына қатысты қоғамдық тыңдаулар өтіп жатыр

Басқосуда сала ғалымдары жобаның артықшылықтарын ғылыми түрде зерделегендерін алға...

Мемлекеттік тілде сот актілерін әзірлеу сапасы

Мемлекеттік тіл – ел тәуелсіздігінің, ұлттық бірегейліктің және құқықтық...