Қасым-Жомарт Тоқаевтың референдум өткізу туралы ұсынысын халықтың 84% қолдайды – ОСК

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі ағымдағы жылғы 24-29 мамыр аралығында алдағы референдум мәселелері бойынша кезекті онлайн-сауалнама өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Зерттеулер Мемлекет басшысының бастамаларын қолдаудың және бүкілхалықтық дауыс беру күні жақындаған сайын референдумның ел өміріндегі маңыздылығын түсінудің артқанын көрсетті.

Мәселен, әлеуметтік сауалнама нәтижелері бойынша қазақстандықтардың 83,92%-ы Мемлекет басшысының Конституцияға түзетулер енгізу бойынша референдум өткізу туралы ұсынысын қолдайды. Бұл биыл мамыр айының ортасында ОКҚ жүргізген алдыңғы зерттеу көрсеткіштерінен 12%-ға артық.ҚР ОСК зерттеуі

Сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 86,86%-ы дауыс беру ағымдағы жылдың 5 маусымында өтетінін біледі. Халықтың хабардар болу деңгейі 8%-ға артқан.

Қазақстандықтардың 76,51%-ы дауыс беруге қатысуға ниетті.

Сауалнама көрсеткендей, қазақстандықтардың 79,10%-ы ұсынылған конституциялық түзетулер пакетін қолдайды. Мемлекет басшысының саяси бағытын қолдау деңгейі одан да жоғары – 80,04%-ы Президент Қ.К. Тоқаевтың реформаларын жақтайды.

Әлеуметтік сауалнама еліміздің 17 өңірін қамти отырып, 18 жастағы және одан асқан 1200 қазақстандықтың арасында жүргізілді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын референдум өткізу туралы идеяны қолдаудың жоғары деңгейі ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі жүргізген сауалнама нәтижелерімен расталған болатын — 73% (3-5 мамыр); 72,01% (17-19 мамыр).

Референдум 2022 жылы 5 маусымда өтеді.

Расширение сферы административной юстиции

17 декабря 2025 года Глава государства подписал Закон Республики...

Разногласия по налоговым спорам

Если упрощенно, то под налоговыми спорами понимаются разногласия, возникающие...

Әдеп нормаларын сақтау міндет

Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігі мен қызметтік әдебі, мінез-құлқы, этикалық...

Раздел без согласия

В КАЗАХСТАНЕ НАРАСТАЕТ ЧИСЛО ОБРАЩЕНИЙ, СВЯЗАННЫХ С НАРУШЕНИЯМИ В...

Жапон студенттері Іле-Алатауда қазақ мәдениетімен танысты

Наурыздың шуақты күндерінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім...