spot_img
spot_img

Позитивтік ой өріс

«Талпынысы жоқ адам – адамдардың ең жаманы»
Абай Кұнанбаев


«Негізсіз – білім болмайды»
Лев Толстой

Психологиялық білім және оны пенитенциарлық жүйенің практикасында қолдану, мекемеде жазасын өтеуші сотталғандардың оңалту мен қайта жаңғыру, оларды босатылғаннан соң жаңа өмір бастауға көмек болып табылады.

Сотталғандардың психологиялық білімдерін жетілдіру, олардың бойына әлеуметтік-эстетикалық оң ықпал ететін тәлім-тәрбие арқылы ынталандыру, бірімен бірі араласу, сөз табысу жұмысын жүргізуге көмектеседі. Осы айтылған тапсырмаларды орындауда жасақ сотталғандары арасында психологиялық-газет көрме-конкурсы ұйымдастырылған болатын.

Бірінші кезеңде ең үздік психологиялық газетті анықтауда байқау жасақ арасында өткізілді. «ЕС-164/3 мекемесінде» байқау сотталғандар арасында қатты қызығушылық танытты. Сотталғандар жасақ бойынша шағын топтарға бөлініп, өздерінің ой өрістерімен ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында, ұйымдастырылған психологиялық қабырға газет көрме-конкурсы жасақ бастығы мен осы жасаққа бекітілген психолог қызметкерлерінің бақылауымен өтті.

Конкурсты ұйымдамтырып өткізуге арнайы комиссия мүшелері қатысты. Ұйымдастырылған іс-шарада сотталғандар өздерінің психологиялық қабырға газеттерін көрсетті. Көрсетілген презентациялар бойынша газеттегі эстетикалық ресімдеу мен актуалды психологиялық ақпаратқа баға беріп, комиссия мүшелері жасақтар арасында бірінші, екінші, үшінші жүлделі орынға ие болған жеңімпаздарды қорытындылады. Бірінші орынға «BIO MATRIX менеджмент» психологиялық қабырға газетімен №1 жасақ ие болды; екінші орынға «Менің жанымның ғаламы» атты психологиялық газетімен №3 жасақ ие болды; үшінші орынға «Мен – менің ойым емес, мен – менің іс-әрекетім» атты психологиялық газетінемен №6 жасақ ие болды.

Көрме-конкурсын қорытындылай келе, сотталғандарды мадақтама қағазбен, ақшалай сыйақымен, сыйлықтар мен өзге де мадақтама шараларымен марапаттады.

«ЕС-164/3 мекемесі» РММ
аға инспектор-психологы
әділет аға лейтенанты Юлия Зель

Астана қаласы бойынша ҚАЖД №2 мекемесінде Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік концерт өтті

Қазақстан Республикасында 7 мамырда атап өтілетін мемлекеттік мереке —...

В учреждении №2 ко Дню Защитника Отечества состоялся праздничный концерт

В честь государственного праздника – Дня Защитника Отечества, который...

Әйелдер түзеу мекемесінде ұлы жеңістің 80 жылдығы аталып өтті

Ұлы Отан Жеңісінің 80 жылдығына орай Қазақстан Республикасы ІІМ...