Экс-қорғаныс министрі Бектановты қамау мерзімі ұзарды

ҚР бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектановты қамау мерзімі 20 маусымға дейін ұзартылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.

«13 мамырда Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты қамауға алу мерзімін бір айға 20 маусымға дейін ұзартқанын растаймын», — делінген хабарламада.

Іс әлі сотқа келмегені атап өтілді.

Айта кетейік, Президент 19 қаңтарда Бектановты сынға алып, қызметінен босатқан болатын. Тоқаевтың айтуынша, Мұрат Бектанов Қазақстандағы тәртіпсіздіктер кезеңінде командир ретінде қабілетін көрсете алмаған.

Бұған дейін бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектанов уақытша ұстау изоляторына қамалғаны хабарланған болатын.

Полиция Алматы усиливает контроль за грузоперевозками

В рамках республиканской акции «Таза Қазақстан» и реализации принципа...

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтуде

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы мен «Заң және тәртіп» қағидатын...

Мемлекеттік тіл және сот жүйесі

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік...

Сотталушы адамның іс-әрекетін саралау, қылмыстың қайталануы түрін анықтау мәселесі

     Қылмыстық сот өндірісінде сотталушының іс-әрекетін дұрыс саралау және...

AFM AI Hackathon 2026: қаржылық қылмыстарға қарсы технологиялар

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі әл-Фараби ҚазҰУ бірлесе IT-мамандарды,...