12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Менің тәлімгерім туралы

Ұлттық сот жүйесінде тәлімгерлік институт маңызды орын алады. Сондықтан менің тәлімгерім – Айман Сағындыкова туралы айтқым келеді.

Айман Ахметовна, мені сот мәжілісінің хатшысы болып жұмыс істеген күннен бастап өз қарамағына алды. Мен сот мәжілісі хатшысы қызметіне тағайындалып, оған көмекші ретінде бекітілген кезде, ол Оңтүстік Қазақстан облыстық соты қадағалаушы сот алқасының судьясы болып қызмет атқарып жүрген. Ол маған негіздерінен бастап талап арызды зерделеуге дейін көп нәрсені үйретті. Енді, жылдар өте келе, мен судья болып жұмыс істеп жүріп, өз тәлімгерімнен қандай маңызды сабақ алғанымды түсінемін.

Отставкаға кетер кезде, Айман Ахметовна маған жұмысқа керек болады санап, бірнеше қағаз папкаларын қалдырды. Онда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мақалалар, сот практикасының зерделеулері мен талдаулары болған. Бір папканың ішіндегі материалдарды зерттей келе, мен Айман Ахметовна басқа қырынан таныдым. Ол тек сот төрелігінің сапалы жүзеге асырып қана қоймай, өзінің мақалаларында заң шығарушылардың назарын азаматтардың құқықтарын қорғау және сот жүйесін реформалау үшін нормативтік актілерге өзгеріс енгізу қажеттілігіне аударуға тырысқан.

Мүмкін осылайша 2011 жылдың 1 қарашасында «Юридическая газета» газетінде «Банктерді тәртіпке келтіру» атты мақаласы жарық көрген. Ол кезде қазіргі кездегідей кредиттер бойынша қарызды өндіру туралы талап арызды көп болған. Шарттар бойынша сотқа дейінгі тәртіппен кепілге салынған мүлікті өткізу құқығы болса да, олар сотқа жүгінуді таңдайтын еді. Соттар ондай талап арыздарды қабылдаудан бас тарта алмайтын еді, нәтижесінде қарыз алушылардың мүдделеріне шек қойылатын сот практикасы қалыптасатын.  Айман Ахметовнаның мақаласында «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Заңының 21, 37-баптарына өзгеріс енгізу туралы ұсыныс келтірілген.

Одан соң 2015 жылдың 24 қарашасында № 422-V Заңы қабылданып, оның талаптары 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап жасалған шарттарға қолданылған. Оның талаптарына сәйкес, ипотекалық шартты жасасу кезінде негiзгi мiндеттеменi толығымен қамтамасыз еткен кепiлге берiлген мүлiк негiзгi мiндеттеменiң және жылжымайтын мүлік ипотекасының сомасынан төмен бағамен соттан тыс тәртiппен сатылған кезде, сондай-ақ осындай мүлiкті кепiлде ұстаушының меншiгiне өткен кезде, ипотеканың тоқтатылуымен бiр мезгiлде негiзгi мiндеттеме де тоқтатылады.Сот тәртібімен ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша міндеттеме тоқтатылады.

Одан соң, Айман Ахметовна судьялыққа кандидаттардың тағылымдамасына бақылау жүргізу міндеті жүктелген. 2005 жылдың № 7 «Заңгер» журналындағы «Тағылымдамаға немқұрайлы қарауды жою» атты өзінің мақаласында ол тағылымдаманың ұйымдастырылуы мен дайындық деңгейін зерттеп, кандидаттарды тағылымдамадан өтіп жүрген кезеңде негізгі жұмысынан босатуды ұсынған. Қазіргі кезде бұл ұсыныс жүзеге асқан. Қазір судьялыққа кандидаттар, 2016 жылдан бастап олар бір жыл бойы негізгі жұмысынан қол үзіп тағылымдамадан өтеді.

Уақытында Айман Ахметовна төрағалық еткен сот этикасы бойынша комиссия мүшелерің баяндамасын тыңдау қызық болатын. Комиссия соттарға кіріп, сот отырыстарының уақытылы басталуын, олардың кейінге қалдыру қажеттігін зерттеген. Сонымен қатар, комиссия өкілдері сот отырыстарына қатысып, сот процестерінің жүргізу мәдениетін, істі сот талқылауына дайындау деңгейін зерттеген.Олар сот залынан бейнежазбаларды көріп, судьялардың сот отырысының қатысушыларына ұстамсыздық пен дөрекілік таныту, істі қарау кезіндегі біржақтылық пен тараптардың сөздерін бөлу фактілерін анықтап отырған. Аталған тәжірибесімен ол 2009 жылдың 15 қазанындағы № 157 «Юридическая газета» газетінде «Сот этикасын – тиісті дәрежеге» атты мақаласында бөліскен. Белгілі болғандай, енді осы бағытта да көп өзгерістер болды: расымен, егер 2009 жылы комиссия мүшелері судьяларды процессуалдық нормалар мен судьялық этика Кодексінің талаптарын сақтауға шақырғаны таңырқарлық және үйреншікті емес болса, қазіргі кезде реформалаудың нәтижесінде процеске қатысушылар аудио-жазбаны алып, сот процесі мен судьяның мінез-құлығына бақылау жүргізе алады.

2018 жылдың 10 сәуіріндегі № 27 «Сот төрелігінің асырудың сапасын көтеру» атты мақаласында Айман Сагындықова бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен қаралатын істердің кейбір категорияларын нотариустарға беру мәселелерін көтерген. Мақалада барлық істердің жартысынан көбісі бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен қаралатын Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының статистикалық мәліметтері көрсетілген. Бұл мақалада ол Азаматтық процестік кодексінің 135-бабына, «Нотариат туралы» Заңының 92-1- бабына өзгеріс енгізіп, бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен қаралатын істердің кейбір категорияларын нотариустарға беруді ұсынған. Бұл ретте ол сот жүктемесінің азаюы себебінен судьялардың істерді жете зерттеп, істерді сапалы қарауға мүмкіндігі туады деген сенімде болған.

Айман Ахметовна «Тіпті мені естігендей» деп, бірінші сатыдағы сот судьялары үшін қуанды, себебі Азаматтық процестік кодексіне енгізілген өзгерістерімен сот жүктемесі едәуір азаяды.

Көп адамдарға бұл оған не үшін керек екені түсініксіз болар. Дегенмен, сот жүйесіне 22 жаста келіп, лайықты отставкасына дейін жұмыс істеген  Айман Ахметовнаның сот жүйесіне деген көзқарасын біліп, ол  әрқашан жаңашылдықтардың ізденісі үстінде жүреді деп сеніммен айта аламын. Егер ол игі істі бастаса, оны міндетті түрде соңына дейін жеткізіп, шындықтың түбіне жетеді. Сонымен қатар, өз білімі және жұмыс, өмірлік тәжірибесімен бөлісуге тырысады.

Менің ойымша, судьялар Айман Ахметовнадай болу керек. Тек сот төрелігін жүзеге асырумен шектелмей, сот жүйесімен өмір сүріп, жұмысқа жаны ашып, оның дамуына өзінің кішкентай болса да үлесін қосуы тиіс. Менің осындай тәлімгерім болып, жолым болды деп есептеймін.

М.Мұздыбаева,

Шымкент қаласының мамандандырылған

ауданаралық әкімшілік сотының судьясы

Сот жүйесіндегі жаңа технологиялар

Сот жүйесін жаңартуға бағытталған жаңашылдықтар жүйелі жүзеге асып, соттар заманауитехнологиялармен жұмыс жасауды кеңінен қолға алды. Соңғы жылдары сот жүйесі заманауи ақпараттық технологиялар арқылы электронды...

Неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар артуда

Расында, өкінішке орай қазіргі таңда неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар...

Құқықтық ликбез — соттан тыс банкроттық

2023 жылғы 3 наурыздан бастап «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем...

Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

Тәуелсіздігіміздің тірегіне, азаттығымыздың алтын тамырына айналған Ата заңның қолданысқа...

Соблюдение этических норм – основа независимости судьи

Принятие Кодекса этики судей имеет большое значение для судебной...