Алматы метросының жаңа екі станциясы жолаушы қабылдай бастады

Алматыда «Сарыарқа» және «Бауыржан Момышұлы» метро станциялары іске қосылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Салтанатты ашылу 30 мамыр күні өтті. Жаңа станциялар қазіргі қызмет көрсетіп тұрған тоғыз станцияның жалғасы ретінде қала орталығын жатын аудандармен байланыстырады.

Екі жаңа станция іске қосылғалы метро желісінің жалпы ұзындығы 3,1 шақырымға ұзарып, енді 13,4 шақырымды құрайтын болды. Желі бойына 7-10 минут сайын жүретін төртвагонды 15 электр пойызын жіберу жоспарланып отыр. 

Қазіргі таңда метро күніне 45 мыңға жуық жолаушы тасымалдайды. Жаңа станциялар іске қосылғаннан кейін бұл көрсеткіш күніне 85 мың жолаушыға дейін өседі деп жоспарланып отыр.

«Мәскеуден» кейінгі «Сарыарқа» станциясы Абай даңғылы бойында Алтынсарин даңғылы мен Саин көшелерінің аралығында Family Park маңында орналасқан. Терең салынған, екі кіреберісі мен бір вестибюлі бар. Станцияда екі жеделсаты мен сегіз эскалатор орнатылған. Интерьер жасау кезіндегі негізгі идея — Сарыарқаның шексіз кең даласының әсемдігін көрсету. Қабырғалары мәрмәр тастардан құрастырылып, гранитпен өрнектелген. Шеткі жағындағы қабырғада жазық даланың үстінен шығып келе жатқан күн, оның бергі жағында Қазақстан астанасы бейнесі маңында шауып келе жатқан жүйрік аттар бейнеленген панно орнатылған.

«Бауыржан Момышұлы» станциясы Абай даңғылы бойында Момышұлы көшесінің батысында орналасқан. Таяз орналасқан, екі вестибюль мен алты кіреберісі бар. Станцияда алты жеделсаты мен он бес эсколатор орнатылған. Платформа ұзындығы 108 метр Алматы метро желісінің он бірінші станциясы әзірге соңғы станция болып саналады.

Станция үлкен тұрғын алабының ортасында орналасқан. Қабырғалар мен тіреуіштерді безендіру үшін ашық реңкті маржан-сұр түсті ағаш тектес керамикалық панельдер, ал еденді қаптауға — ашық сұр түсті табиғи гранит пайдаланылған.

Болашақта «Қалқаман» станциясы құрылысын аяқтап, метроны батыс бағытта «Барлық» базарына дейін дамыту жоспарланған.

Әдеп нормаларын сақтау міндет

Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігі мен қызметтік әдебі, мінез-құлқы, этикалық...

Раздел без согласия

В КАЗАХСТАНЕ НАРАСТАЕТ ЧИСЛО ОБРАЩЕНИЙ, СВЯЗАННЫХ С НАРУШЕНИЯМИ В...

Жапон студенттері Іле-Алатауда қазақ мәдениетімен танысты

Наурыздың шуақты күндерінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім...

Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің әкімшілік құқық бұзушылық жауаптылығы

Жалпы, кәмелетке толмағандар деп 18 жасқа толмаған тұлғаларды айтады....

Законного представителя оштрафовали за нахождение подростка в ночное время вне дома

Специализированным межрайонным судом по делам несовершеннолетних Жамбылской области за...