12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Өнегелі өмір

Судьялардың қызметін қамтамасыз етуде маңыз­ды рөлді сот отырысының хатшысы атқарады. Олардың жұмысы сырт көзге қарапайым әрі оңай болып көрінуі мүмкін. Бір қарағанда тараптардың жауаптарын қағазға түсіріп, хаттама жазып, іс құжаттарын реттеп отыратын жай ғана маман сияқты. Алайда, сотта қаралатын кез келген істің өзіндік қиындықтары, істі өндіріске дайындау сатылары болады. Сот отырысы хатшысының жұмысы күрделі, көп салалы, әрі қызықты да. Сот отырысының хатшылары өз міндеттеріне асқан жауапкершілікпен қарайды.
Сәуле Байтоғаеваның жұмыс күні сот отырысына құжаттар дайындаудан басталады.
– Бұрын құжат айналымы, хаттамаларды толтыру қолмен рәсімделіп, кейіннен жазу машинкасында терілетін болса, бүгін бұл жұмыста ілгерілеу бар. Қазір сот отырысының барысы дыбыс-бейнежазба арқылы дайындалады, – дейді ол.
Сәуле Мұхатайқызы заңгер, Сәтбаев қалалық сотының бас маманы, сот отырысының хатшысы қызметін атқарады. Жалпы еңбек өтілі 38 жыл. Ұзақ жылдарға қатысты кейіпкеріміздің қызықты естеліктері де көп.
– Мен Ұлытау ауылында дүниеге келдім, сол жерде он жылдықты бітірдім. Мектептен кейін бірден «Ақбұлақ» жастар комсомол бригадасына жұмысқа орналастым. Бірақ әрқашан заң саласында жұмыс істеуді армандадым. Бұл қызығушылық маған атам Құттымбет Байтұғаевтан жұққан болар. Ол кісі милиция бастығы қызметін атқарыпты, өз ортасына ерекше сыйлы азамат болған екен. Алдымен Ақмолада жұмыс істеді, кейін Ұлытауға жіберіліп, абырой биігінен көрініпті. Атамның көзін көрмесем де, мен оны мақтан тұтамын. Үнемі өзіме үлгі қылдым. 1984 жылы балалық арманым орындалып, комсомол бригадасынан Ұлытау аудандық сотына хатшылыққа ауыстым. 2001 жылы Сәтбаев қаласына қоныс аударғандықтан сонда қалалық сотқа ауыстым.

Хаттама жасаудың да машақаты көп
Сот отырысының хаттамасын жүргізіп, сот аяқталғаннан ке­йін құжатты бекіту қажет. Сот отырысы хаттамасының мазмұны мүмкіндігінше толық және сенімді болуы керек. Алғашқы кездері қолмен жазғанды қайта түзетіп, толықтыру қиын болатын. Қазір жұмыс сандық жүйеге ауысты. Сондай-ақ, процеске қатысушыларды хабардар етіп, сот талқылауы басталар алдында барлық адамдардың келуін тексереміз. Сот отырысын тағайындау туралы қаулылар дайындап, хат-хабарлармен, жаңа сот істерімен таныстырып, судьяның сот отырыстарының кестесін жасаймыз. Судья істі қарағаннан кейін оны іс жүргізу бөліміне тапсыру үшін рәсімдеп, кеңсеге өткіземіз. Келушілерді қабылдап, телефон қоңырауларына жауап береміз. Сырттан қарағанда оңай және қарапайым болып көрінгенімен жұмыс өте көп.
Ісіне қарай сот отырыстары да әртүрлі болады. Кейбірі өте тез өтеді. Кейбірі ұзақ дауға ұласуы мүмкін. Ондайда судья наразы топты залдан шығаруға немесе айыппұл салуға құқылы. Сондықтан барлығы тәртіп сақтауға тырысады. Сот отырыстарында тыныштық пен бейтараптықты сақтау маңызды. Куәгерлердің көп болуы немесе біреудің сотқа келмеуі салдарынан кейде уақыт өзгеріп жатады. Сот әділдік айнасы. Онда келген әрбір азамат өзінің құқығының әділетті қорғалатынына сенуі тиіс. Қазір сот отырыстары онлайн режимде өтуде. Сондықтан хатшыға көп мәселе байланысты болады. Сот хатшысына жүктелетін жауапкершілік те үлкен. Сот табалдырығын аттаған адаммен ең алғаш бетпе-бет келіп, оны қарсы алатын да осы хатшы. Сондықтан оған қойылатын талап та биік. Жинақылық пен жауапкершілік, сыпайылық, әдеп алдыңғы орында. Онсызда жаны жаралы адамға керегі де осы – жауапты маманның сауатты жауабы, ізет, әдебі, заңдық реті мен соттың шартын этикаға сай түсіндіруі.

Білімді хатшы – білікті заңгер
– Сот отырысының хатшысына жауапкершіліктен өзге біліктілікпен білім де қажет. ҚР заңдарын білу, хаттаманы заң талаптарына сай толтыру маман тәжірибесін арттырады, білімін тереңдетеді. Сол себепті сот отырысының хатшысы үнемі өзін-өзі дамытып, оқу білімге ұмтылуы парыз. Сауатты маманның әдебіне білімі сай болса қашан да қызметінде құрметке бөленеді. Сәуле Мұхатайқызы әріптестерінің арасында үлкен беделге ие. «Ол кісі өзіндегі бар жақсы қасиеттерді жас мамандарға дарытуға тырысады. Мен сот саласына 2018 жылы келдім. Бұл кісіден үйренгенім де үйренерім де көп. Ол кісі өз ісінің шебері ғана емес нағыз жанашыр, ақкөңіл абзал жан. Азаматтық, әкімшілік, қылмыстық істерді жетік меңгерген. Білгенін жастарға үйретуден жалықпайтын адам», – дейді Сәтбаев қалалық соты кеңсесінің жетекші маманы Айжан Әукенова.
Өнегелі адам отбасында көпке үлгі. «Ұлым полиция басқармасында жұмыс істейді, қызым заңгер-бағалаушы мамандығын алды. Қазіргі кезде есепші болып жұмыс істейді. Алдағы уақытта алты немеремнің бірі сот саласына барады деген үмітім бар. Бұл мамандық өте мәртебелі мамандық. Сондықтан біздің отбасымызда бұл саланы таңдайтын ұрпақ міндетті түрде шығатынына сенемін» – дейді ол кісі.

«Терең білім, тоқтаусыз ізденіс»
– Жастар заңгерлікке ұмтылса, біріншіден, терең білім алу қажет. Екіншіден, қиын және жауапты жұмысқа дайын болуға тиіс. Үшіншіден, бойындағы қорқынышты жеңе білуі шарт. Егер білім, білік және дағды жағынан мықты болса, қорқыныш кетеді. Төртіншіден, бір орында тұрып қалмай судья, заңгер болуға ұмтылғаны абзал. Мұндай маманнан кәсіби шебер шығары анық. Сот отырысының хатшысы сот жүйесіндегі маңызды буын екендігіне талас жоқ. Бұл мамандықты таңдаған жастардың ұтылмасы хақ.

Нұрия Ілиясова

Сот хатшысы болу абыройлы міндет!

Сот саласында сот хатшысының өз орны бар. Бірде-бір процесс...

Үлкенге де, кішіге де қамқор аға

Қазақстан соттарының төл мерекесі тек сот қызметкерлері үшін ғана...

ДАМУ ЦИФРЛАНУҒА ТІКЕЛЕЙ ТӘУЕЛДІ

Сот жүйесінің кешегісіне көз жүгіртіп, бүгінгісіне талдау жасайтын болсақ...

Жүйе Конституциялықнегіздерді нығайтты

Конституцияға сәйкес республикада мемлекеттік билік біртұтас. Ал Конституция мен...

Ардагер-судьяларға алғысымыз шексіз

Кәсіби мерекені белгілеудің өзіндік мәні бар. Бұл әр мамандықтың...