Пробация қызмет бөлімінде «WhatsApp» месcенджері арқылы сот отырысы өтті

2022 жылғы 19.05 күні Ғ. Мүсірепов ат. аудандық Пробация қызмет бөлімінде «WhatsApp» месcенджері арқылы бейнеконференция байланысымен шартты мерзімінен бұрын босату туралы сот отырыс өткізілді. Сотталған Б. қылмыстық- атқару заңнамасына сәйкес, дәлірек айтқанда ҚР ҚАК-нің 169 бабына сәйкес шартты мерзімінен бұрын босату туралы өтініш берді.

Содан кейін пробция қызметкерімен бас бостандығын шектеу жазасын өтеу кезеңіндегі сотталғанды мінездейтін материалдар жиналды. Сотталған «Б» жазаны өтеу уақытында тұрғылықты мекен-жайы және жұмыс орны бойынша үнемі тексеріліп отырды. Пробация қызметі мен жергілікті атқарушы органдарымен өткізілетін жастар қозғалысына, соған қоса спорттық, мәдени шараларға белсеңді қатысты, сонымен сотталған өзінің заңға бағынатын қоғамдық пайдалы мінез- құлқын көрсетті. Сотталған Б. қатысты материалдарды қарастырып, сот оның түзелу жолына тұрды деген шешімге келді және сотталғанның өтінішін қанағаттандырды.

СҚО бойынша ҚАЖД Ғ. Мүсірепов ат. аудандық ПҚБ
ювеналдық тобының инспекторы
әділет лейтенанты Д.Р. Белялова

№20 мекемесінде сотталғандардың туыстарына арналған Ашық есік күні өткізілді

№20 мекемесінде сотталғандардың туған-туыстарымен әлеуметтік пайдалы байланыстарын нығайтуға, отбасылық...

В учреждении №20 был проведён «День открытых дверей» для родственников осуждённых

В учреждении №20 было проведено мероприятие «День открытых дверей»,...

Абай облысының ең аз қауіпсіз мекемелеріндегі сотталғандар Халықаралық мұражайлар күні Абай атындағы мұражайда болды

Халықаралық мұражайлар күнін мерекелеу аясында Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару...

Осужденные учреждения минимальной безопасности области Абай посетили музей имени Абая в Международный день музеев

В рамках празднования Международного дня музеев сотрудники уголовно-исполнительной системы...