Қазақстанда жыл басынан бері 92 баланы көлік қағып кеткен

Елімізде әрбір бесінші жол-көлік оқиғасынан кәмелетке толмаған бала зардап шегеді. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұратәлиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жыл сайын жол апатынан 200-ге жуық бала көз жұмып, 3 мыңнан астамы әртүрлі дене жарақатын алады. Бұл – мемлекет үшін орны толмас шығын және қоғамның демографиялық резервіне нұқсан келтіреді. Өткен жылдан бастап мектеп оқушыларына жолда қауіпсіз жүріп-тұруды түсіндіру сабақтары өткізілген жоқ. Осылайша балалардың жолда жарақаттануына қарсы шаралар саны азайды. Бұл қазірдің өзінде жалпы жағдайға кері әсер етіп отыр», – деді Жандос Мұратәлиев ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, жол-көлік оқиғасынан зардап шегетін балалардың дені көлік ішінде болады.

«Көп жағдайда ересектер көлікте тасымалдау ережесін сақтамай, яғни балаларды арнайы құралсыз немесе белбеумен бекітпей тасымалдайды. Сонымен қатар, жаяу жүргіншілердің кінәсінен болатын жол-көлік оқиғаларының негізгі себебі – жол белгісі жоқ жерден кесіп өту немесе бағдаршамның қызыл түсі жанып тұрғанда өтіп кетеді. Кейде жақындап қалған көліктің алдынан кесіп өтіп жатады. Жыл басынан бері ел аумағында 92 кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кету дерегі тіркелді. Оның ішінде 5 бала қаза тауып, 97-сі жарақат алған», – дейді ол.

Кинопоиск қазақстандықтардың ең танымал онлайн-кинотеатрына айналды

Онлайн-кинотеатрға жазылған қазақстандық қала тұрғындарының әрбір екіншісі Кинопоиск қызметін...

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ 2026 ЖЫЛҒЫ РАҚЫМШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢ: ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ МЕН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының қылмыстық саясаты адам құқықтарын қорғау,...

Әке болуды даулау: Қазақстан Республикасындағы құқықтық реттеу

Әке болуды даулау – отбасы құқығындағы маңызды әрі күрделі...

ГАЗИФИКАЦИЯ – В ДЕЙСТВИИ

В КАЗАХСТАНЕ ПРОДОЛЖАЕТСЯ РЕАЛИЗАЦИЯ МАСШТАБНОЙ ПРОГРАММЫ ПО РАЗВИТИЮ ГАЗОВОЙ...

СПЕЦИАЛИСТЫ ДЛЯ БОЛЬШОЙ ЭНЕРГЕТИКИ

ЗА ОДНИМ СТОЛОМ СОБРАЛИСЬ ПРЕДСТАВИТЕЛИ АГЕНТСТВА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ПО АТОМНОЙ ЭНЕРГИИ, ГОСУДАРСТВЕННОЙ КОРПОРАЦИИ «РОСАТОМ», ПРОФИЛЬНЫХ ОРГАНИЗАЦИЙ, УНИВЕРСИТЕТОВ И ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙ ДВУХ СТРАН. ГЛАВНОЙ ТЕМОЙ СТАЛА НЕ САМА АТОМНАЯ ЭНЕРГЕТИКА, А ЛЮДИ, КОТОРЫМ...