Головкинмен жекпе-жек бола ма? Әлімханұлы мәлімдеме жасады

Орта салмақтағы WBO-ның жаңа «уақытша» чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) WBA Super, IBF және IBO титулдарының иесі қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жек туралы сұраққа жауап берді, — деп хабарлайды Vesti.kz

WBO-ның «уақытша» чемпионы GGG-ге қарсы шықпайтынын айтып, себебін түсіндірді. 

— Головкин мексикалық бокс стилін көрсетеді, ал сен — қазақша. Онымен жекпе-жек өткізу ойда жоқ па?

— Бұл қазақ дәстүріне жат қылық, біз үлкенге қол көтермейміз. Головкин жоғары дивизионға жоғары көтеріледі деп үміттенемін, өйткені мен орта салмақтағы барлық белдікті жинағым келеді, — деді Әлімханұлы.

Еске салайық, бүгін Әлімханұлы Дигнумды нокаутқа түсіріп, уақытша әлем чемпионы атанды.

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ ЖАҢА ЗАҢ: НЕГІЗГІ ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТАЛАПТАР

2026 жылғы 1 шілдеден бастап «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – қоғамның ортақ міндеті

Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттің тұрақты дамуына кері әсер ететін...

Медиация – тараптарды татуластырудың қуатты құралы

Дауласқан екі тараптың дәйегін сабырлықпен тыңдап, екі жақтың да...

Неке бұзылған кездегі отбасындағы кәмелетке толмаған балалардың жағдайы

          Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған...