Шымкенттегі жарылыс: бір нәресте қайтыс болды

Шымкентте болған жарылыстан кейін сәби қайтыс болды. Ресми мәліметтер бойынша, сегіз адам зардап шеккен. Бұл туралы Түркістан облысының Денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жарылыс кезінде перзентханада 189 пациент және 65 қызметкер болған. Дүниеге келгеніне 18 күн болған сәби қайтыс болды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, мерт болған бала — үшемнің бірі.

«1 нәресте, салмағы 790 грамм, 18 күн өмір сүрді. 8 адам жарақат алып, Шымкенттің ОКА, №1 ҚА, №2 ҚБ медициналық мекемелеріне жатқызылды», — деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер.

Еске салайық, бүгін сағат 12:6-да Шымкенттегі Г. Иляев көшесінде жарылыс болды. Оқиға орнына Шымкент ПД басшылығы, жедел-тергеу тобы мен ТЖД қызметкерлері шықты. Жарылыс болған жерге қала әкімі Мұрат Әйтенов те келді. 

Жилье должно быть по карману

АРЕНДА ЖИЛЬЯ В КАЗАХСТАНЕ ЗА ГОД ПОДОРОЖАЛА НА 17,1...

БАСҚА ҚАЛАДАҒЫ СТУДЕНТТІК ӨМІР

Студенттік шақ — әр адамның өміріндегі ерекше кезең. Ал...

«ҚАСЫМ ЖЫРЫ – ЕЛДІК ПЕН ЕРЛІКТІҢ ҮНІ» Қасым Аманжоловтың туғанына – 115 жыл

Қазақ поэзиясының көгінде өзіндік үнімен, өр мінезімен, азаматтық болмысымен...

Әкімшілік талап қоюмен сотқа жүгіну мерзімдері

Талап қоюды сотқа беруге арналған мерзмдерді өткізіп алу себептері...