12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Пробация есебіндегі азаматтарға әлеуметтік дүкеннен тегін киім мен теледидар берілді

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Қазалы аудандық пробация қызметі мен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік хал актілерін тіркеу бөлімі бірлесіп, есептегі азаматтарға көмек көрсетті. Пробация есебіндегі азаматтарға әлеуметтік дүкенінен тегін киімдер мен тұрмыстық техника (теледидар) берілді.
Бұл дүкеннің негізгі мақсаты – тұрмысы төмен және аз қамтамасыз етілген отбасыларына қолдау көрсету, көмек қолын созу. Дүкенде киім-кешек, ойыншықтан бастап, тұрмыстық техникаға дейін бар.
«Өнеге» қоғамдық бірлестігінің демеушілігімен ашылған әлеуметтік дүкеніне қала тұрғындары көмек қолын созып дүкенге киімдер, тұрмыстық техникаларын өткізеді екен. Бұл дүкеннен, тұрмыс жағдайы төмен көпбалалы отбасылар және пробация есебіндегі азаматтар құжаттарын көрсету арқылы ала алады.
«Пробация қызметінің көмегімен дүкеннен өзіме қажетті киімдерді тегін алдым. Үйдегі теледидарым бұзылып тұрғанын айтқанымын, теледидар да қосып берді. Пробация инспекторы мен жұмыспен қамту бөлімінің мамандарына алғыс айтамын»,- деді есептегі азамат.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

275 сотталған жұмыспен қамтылған

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесінде жазасын...

№19 мекемесінде «Ант қабылдау» мерекелік іс-шарасы өтті

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті №19 мекемесінде Халық...

«Таза Қазақстан!» экологиялық акция  №11 мекемедегі балалар колониясында сенбілік өтті

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі...

Сотрудники УИС Алматинской области отметили День единства

Сотрудники учреждения №14 Департамента УИС по г. Алматы, Алматинской...