Сотталған Жомарт Ертаев пен Бақыт Ибрагим колонияда немен айналысып жүр?

Bank RBK-дан миллиардтаған ақша жымқырғаны үшін сотталған Бақыт Ибрагим колонияда термист болып жұмыс істейді, ал Жомарт Ертаев тағы бір қылмыс жасады деп айыпталып отыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті хабарлады.

Ведомство мәліметінше, мамырда Ертаев Нұр-Сұлтан қаласындағы тергеу изоляторына ауыстырылды. Алайда ҚАЖК өкілдері экс-банкир не үшін айыпталып жатқанын нақтыламады.

«Жомарт Ертаев биыл мамырдан бастап Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің ЕЦ-166/1 аралас қауіпсіздік мекемесінде. 

Тергеу изоляторына келген соң мекеменің медицина қызметкерлері айыпталушыға толық клиникалық-зертханалық тексеру жүргізді, тергеу қамауындағы адамның жалпы жағдайы қанағаттанарлық», — делінген ҚАЖК төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы Дамир Тайжановтың қолы қойылған жауапта.

Qazaq Banki бұрынғы акционері Бақыт Ибрагимге келетін болсақ, ол Алматы облысындағы колонияда. Бұл орташа қауіпсіздік мекемесі, онда былтыр шілдеде келген. ҚАЖК мәліметінше, Ибрагим колонияда жұмыс істеп, металл бөлшектерді өңдеу бойынша маман болып жұмыс істейді.

«Бақыт Ибрагим медициналық көмекке жүгінбеді, денсаулық жағдайына шағымданбайды. Оның мекеме отрядын абаттандыру бойынша еңбекке адал көзқарасы үшін бір көтермелеуі бар. Сотталушы «Еңбек-Жауғашты» кәсіпорны филиалдарының бірінде, атап айтқанда «Ер-Төстік» компаниясында жұмысқа орналасты. Ол термист болып жұмыс істейді», — деді комитеттегілер.

Еске салайық, 2020 жылдың қарашасында экс-банкир Жомарт Ертаев пен Qazaq Вanki бұрынғы акционері Бақыт Ибрагим тиісінше 11 және 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Олар Bank RBK-дан 144 миллиард теңге жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. Олармен бірге тағы 34 адам сотталды, көпшілігі әртүрлі түрме жазасын алды.

Кейінірек, былтыр мамырда Жомарт Ертаев басқа қылмыстық іс бойынша сотталды. Бұл жолы ол Bank RBK және Qazaq Banki, сондай-ақ Еуразиялық банктен несие ақшасын жымқырғаны үшін сотталды.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ 2026 ЖЫЛҒЫ РАҚЫМШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢ: ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ МЕН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының қылмыстық саясаты адам құқықтарын қорғау,...

Әке болуды даулау: Қазақстан Республикасындағы құқықтық реттеу

Әке болуды даулау – отбасы құқығындағы маңызды әрі күрделі...

ГАЗИФИКАЦИЯ – В ДЕЙСТВИИ

В КАЗАХСТАНЕ ПРОДОЛЖАЕТСЯ РЕАЛИЗАЦИЯ МАСШТАБНОЙ ПРОГРАММЫ ПО РАЗВИТИЮ ГАЗОВОЙ...

СПЕЦИАЛИСТЫ ДЛЯ БОЛЬШОЙ ЭНЕРГЕТИКИ

ЗА ОДНИМ СТОЛОМ СОБРАЛИСЬ ПРЕДСТАВИТЕЛИ АГЕНТСТВА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ПО АТОМНОЙ ЭНЕРГИИ, ГОСУДАРСТВЕННОЙ КОРПОРАЦИИ «РОСАТОМ», ПРОФИЛЬНЫХ ОРГАНИЗАЦИЙ, УНИВЕРСИТЕТОВ И ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙ ДВУХ СТРАН. ГЛАВНОЙ ТЕМОЙ СТАЛА НЕ САМА АТОМНАЯ ЭНЕРГЕТИКА, А ЛЮДИ, КОТОРЫМ...

ПРЕСТУПЛЕНИЕ: ОТ СООБЩЕНИЙ К ПОХОРОНАМ

ДОЛГОЕ ВРЕМЯ В КАЗАХСТАНСКОМ ЗАКОНОДАТЕЛЬСТВЕ ОТСУТСТВОВАЛО САМО ПОНЯТИЕ СТАЛКИНГА КАК САМОСТОЯТЕЛЬНОГО ПРОТИВОПРАВНОГО ДЕЯНИЯ. НЕСМОТРЯ НА ТО, ЧТО ЖЕРТВЫ НЕРЕДКО СООБЩАЛИ О НАВЯЗЧИВЫХ ЗВОНКАХ, ПОСТОЯННОЙ СЛЕЖКЕ, УГРОЗАХ И ПРЕСЛЕДОВАНИИ, ПРАВООХРАНИТЕЛЬНЫЕ ОРГАНЫ БЫЛИ...