Иманғали Тасмағамбетов Қазақстан гольф федерациясының президенті болып тағайындалды 

Иманғали Тасмағамбетов Қазақстан гольф федерациясының президенті болып тағайындалды. Бұл туралы кадрлық ауысулар бойынша инсайлер Ербол Әділов жазады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанның Telegram-арнасына сілтеме жасап. 

Тасмағамбетов әр жылдары жоғары лауазымды мемлекеттік қызметтер атқарды. 

1993 жылы Иманғали Тасмағамбетов Қазақстан Республикасының президентінің көмекшісі болып тағайындалды.

1995 жылдан бастап ел басқарушы қызметінде жоғарғы орындарды атқарып, Қазақстанның вице-премьері, білім және мәдениет вице-премьер-министрі, Қазақстан Республикасының Президенті әкімшілігінің жетекшісінің орынбасары, Қазақстан Президентінің бірінші көмекшісі, Атырау облысының әкімі, Қазақстан премьер-министрі, Мемлекеттік хатшы, Қазақстан Президенті әкімшілігінің жетекшісі болады.

2004—2008 жж. 1,5 млн тұрғыны бар Қазақстанның ең ірі қаласы Алматының әкімі қызметін атқарып келді.

2008 жылы сәуірдің 4 Қазақстанның елордасы — Астана қала әкімі боп тағайындалды.

2017 жылдың ақпаны мен 2019 жылдың 18 желтоқсаны аралығында Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі болып, осы қызметінен зейнетке шықты.

Үздік университеттер қатарындамыз

QS Asia University Rankings – бұл жыл сайын британдық...

Білімді маманға сұраныс жоғары

Жыл сайын жоғары оқу орындарын бітіріп, еңбек нарығына араласатын...

АНА ТІЛІ – ҰЛТТЫҢ ӨЗЕГІ: СОТТАҒЫ АНА ТІЛІМІЗДІҢ ТАҒДЫРЫ

Егеменді еліміздің басты құжаты Қазақстан Республикасының Конституциясының 9-бабы 1-тармағында...

Инициативы Съезда лидеров мировых и традиционных религий в центре международного круглого стола с участием ЮНЕСКО

От этики искусственного интеллекта до сохранения сакрального наследия: участники...