12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

40 тонна қант тиелген жүк көлігі Ресейден Қазақстанға өткізілмеді

Ресейдегі Саратов кеденінің қызметкерлері Қазақстанға 800 қап қант тиелген көлікті шығаруға кедергі жасады. Ақпаратты ведомствоның баспасөз қызметі ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Взгляд-инфо» жергілікті ақпараттық басылымына сілтеме жасап.

Ақпарат бойынша, Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасына жақын жерде Саратов облысының Озин аумағында кеден қызметкерлері тіркемесі бар жүк көлігін тексерген, ол құжаттарға сәйкес 20 тонна бидай ұнмен келе жатқан. 

«Тексеру кезінде инспекторлар ұн пакеттерінің астынан салмағы 40 тонна болатын 800 қап ақ қант тапты, оны қазіргі уақытта Ресей Федерациясынан әкетуге тыйым салынған», — деп түсіндірді Саратов кеденінің бөлім бастығының орынбасары Сергей Душутин.

РФ ӘҚБтК-нің 16.3-бабы «Ресей Федерациясынан тауарларды әкетуге тыйымдар мен шектеулерді сақтамау» бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Заң бұзушыларға тауарды тәркілеумен қатар 300 мың рубльге дейін айыппұл салынады.

Саратов кедені Ресей Федерациясы Үкіметінің 14 наурыздағы № 361 «Ресей Федерациясынан ақ қант пен шикі құрақ қантын әкетуге уақытша тыйым салуды енгізу туралы» қаулысымен қант экспорттауға тыйым салынған тауарлар тізіміне енгізілгенін еске салды.

Абайдың мұрасы – сарқылмас қазына

Абай XIX ғасырдың бірінші жартысының соңында қазіргі Шығыс Қазақстан...

Гранит чьей-то совести

АЛМАТЫ НА СЛАВИТСЯ ГОРЫ, УЮТНЫМИ СВОИМ ЖИВОПИСНЫМ УЛИЦАМИ И СТРЕМЛЕНИЕМ...