Референдумға бөлінген 16,4 миллиард теңге қалай жұмсалады?

Қазақстанда референдум өткізуге 16,4 миллиард теңге жұмсалады. Бұл соманың 80 пайызға жуығы комиссия мүшелерінің еңбекақысын төлеуге жұмсалады. Мұны Орталық референдум комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Референдум өткізуге қаражат Үкімет резервінен бөлінеді. Мұстафинаның сөзінше, комиссия шотына ақша әлі түспеген.

«Бұл соманың 21 пайызы (3 миллиард 456,6 миллион теңге) дауыс беру учаскелерін материалдық-техникалық көмек көрсетуге, референдумның орталық, учаскелік және аумақтық комиссияларының жұмысын жүргізуге, баспа өнімдерін дайындауға, сондай-ақ, ақпараттық қолдау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге кетеді», — деді Мұстафина.

Оның айтуынша, шығынның басым бөлігі баспа өнімдерін, соның ішінде бюллетеньдерді, сонымен қатар, нашар көретін және зағип жандарға арналған трафареттерге кетеді.

«79 пайыз (13 миллиард 3 миллион 400 мың теңге) комиссия мүшелерінің еңбекақысын төлеуге жұмсалады. Еңбекақы ел бойынша орташа айлық жалақы көрсеткішіне сай», — деп түсіндірді Сәбила Мұстафина.

Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев референдум туралы конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойған болатын. Кейін Орталық сайлау комиссиясы өкілі республикалық референдум өткізу тәртібін айтты.

Үздік университеттер қатарындамыз

QS Asia University Rankings – бұл жыл сайын британдық...

Білімді маманға сұраныс жоғары

Жыл сайын жоғары оқу орындарын бітіріп, еңбек нарығына араласатын...

АНА ТІЛІ – ҰЛТТЫҢ ӨЗЕГІ: СОТТАҒЫ АНА ТІЛІМІЗДІҢ ТАҒДЫРЫ

Егеменді еліміздің басты құжаты Қазақстан Республикасының Конституциясының 9-бабы 1-тармағында...

Инициативы Съезда лидеров мировых и традиционных религий в центре международного круглого стола с участием ЮНЕСКО

От этики искусственного интеллекта до сохранения сакрального наследия: участники...