12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Петропавл қ. пробация қызметі бөлімімен есепке алынған тұлғалар үшін тергеу изоляторына экскурсия өткізілді

СҚО бойынша ҚАЖД Петропавл қ. пробация қызметі бөлімінің есебінде қоғамдық жұмыстар, бас бостандығын шектеу, шартты түрде соттау, жазаны орындауды кейінге қалдыру және белгілі бір лауазымға орналасу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру сияқты бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларға сотталған адамдар тұрады.

Осы шаралардың әрқайсысы сотталған адамның жазаны өтеудің белгіленген тәртібі мен шарттарын сақтауын көздейді, осы нормалар қылмыстық және қылмыстық-атқару заңнамасымен регламенттеледі.

Тәжірибе көрсеткендей, пробация қызметінің барлық есепке алынған бөлімдері жабық мекемеден тыс түзету мүмкіндігін ақтамайды, сот шешімінің және пробация қызметі бөлімінің талаптарын орындамайды, жазаны өтеуден қасақана жалтарады немесе ПҚБ инспекторларының бақылауынан мүлдем жасырынады. Мұндай жағдайларда заңда жазаны неғұрлым қатаң жазаға ауыстыру, атап айтқанда бас бостандығынан айыру қарастырылған.

2022 жылдың 4 айында ережені бұзғаны үшін 31 сотталған бас бостандығынан айырылды. 2021 жылдың 12 айында бостандығын шектеу жазасы бостандығынан айыру жазасына пробация қызметінің 142 есепке алырған тұлғасы үшін ауыстырылды.
Петропавл қ. пробация қызметі бөлімімен есепке алынған тұлғалар үшін тергеу изоляторына (СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/1 мекемесі) экскурсия өткізілді. Алғаш рет экскурсияға 20-25 жас аралығындағы «жас» есепке алынған тұлғалар келді. Есеп берушілер күн тәртібімен, сондай-ақ ұстау шарттарымен танысты.Бұл адамдар бұрын-соңды бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтемеген. Экскурсияның мақсаты-оларды жазаны өтеу ережелерін бұзудан сақтандыру. Экскурсия алғаш рет өткізіліп отыр, бүгін оған 10 есепте тұрған қатысты. Алдағы уақытта экскурсия тоқсан сайын өткізілетін болады, — пробация қызметінің бөлімше бастығы әділет майоры Азамат Макенов.

Мен ҚР ҚК 106-бап (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) , 293-бап (Бұзақылық) бойынша 3 жыл 2 айға бас бостандығын шектеуге сотталдым. Бүгін мен тергеу изоляторын ішінен бірінші рет көрдім. Қорқынышты болды. Мен жұма сайын белгіленуге барып тұрғанда, инспекторлар менімен профилактикалық әңгіме өткізеді. Бірақ, бүгін мен аспанды тор арқылы өз көзіммен көрдім. Бойымда тек қорқыныш сезімі ғана. Мен мұнда болғым келмейді. Мерзімімнің аяқталуына 3 ай қалды. Әрі қарай да заңды сақтаймын, — дейді СҚО бойынша ҚАЖД Петропавл қ. пробация қызметі бөлімінде есепте тұрған « М».

СҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

Түзеу мекемесінде сотталған азамат неке қиды

ҚР ІІМ ҚАЖ Департаментінің № 3 түзету мекемесінде ерекше...

День единства народа Казахстана

"1 мая" - в Казахстане и многих ”День единства...