Алматыда 30-дан аса зейнеткерді тонаған ер адам ұсталды

Алматыда жедел іздестіру шаралары барысында 30-дан аса зейнеткерді тонаған 38 жастағы ер адам ұсталды. Бұл туралы Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов Instagram парақшасында мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

1984 жылы туған ер адам қаланың Әуезов, Бостандық және Медеу аудандарының аумағында қылмыс жасаған.

Қылмыскер тек зейнет жасындағы адамдарды тонаған — қоғамдық орындарда, атап айтқанда, базарларда, тұрғын үйлердің аулаларында. Ауыр сөмкелер мен үлкен пакеттер көтеріп келе жатқан егде жастағы адамдарды бақылап, әдепті адам сияқты әсер қалдырған ол әжелермен әңгімеге кірісіп, сөмкелерді пәтерге жеткізуге көмектесуді ұсынады.

Қарт адамдар келіседі, кейін ақша, әмиян немесе ұялы телефоны ұрланғанын анықтайды. «Көмек» көрсету кезінде қылмыскер ол жерден барлық құнды затты байқамай ұрлап отырған.

Белгілі болғандай, ұсталған ер адам бұрын да қылмыс жасағаны үшін сотты болған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Заң – тәртіп пен әділеттіліктің негізі

Қоғамдағы тұрақтылық пен азаматтардың қауіпсіз өмір сүруінің маңызды кепілі...

Абай облысындағы әйелдер колониясының қызметкерлері «Мектепке жол» акциясы аясында көпбалалы отбасына көмек көрсетті

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері республикалық «Мектепке...

Сот приставының сот жүйесіндегі рөлі мен маңызы

Сот жүйесі – мемлекеттің құқықтық тәртібі мен азаматтардың заңды...

Токаев: печаль — плохой попутчик для нашей молодежи

«Человек, который боится сделать шаг, не верит в свои...