Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ президентімен кездесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ президенті шейх Мұхаммед бен Зайд Әл Нахаянмен кездесті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  БАӘ Президенті шейх Халифа бен Зайд Әл Нахаянның қайтыс болуына байланысты осы елдің жаңадан сайланған Президенті, Абу Дабидің билеушісі шейх Мұхаммед бен Зайд Әл Нахаянға және билеуші әулеттің мүшелері мен Әмірліктер халқына көңіл айту үшін Біріккен Араб Әмірліктеріне келді. Көшбасшылардың кездесуі Абу Дабидегі Қасру-л Мушриф Президент сарайында өтті.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтып, шейх Халифаның елді өркендету жолындағы ерен еңбегін атап өтті.

«Әмірліктердің ел ішіндегі және халықаралық деңгейдегі көптеген жетістігі шейх Халифаның есімімен байланысты. Оның дана басшылығымен БАӘ Таяу Шығыстағы бейбітшілік пен тұрақтылықтың күшті жақтаушысы болды, сонымен қатар бүкіл араб әлемі үшін қарқынды экономикалық өсу мен әлеуметтік дамудың үлгісі болды. Сондықтан біз оның қайтыс болуын БАӘ үшін ғана емес, бүкіл әлем қоғамдастығы үшін орасан зор қайғы деп қабылдаймыз», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Халифа бен Зайд Әл Нахаянның Қазақстан мен Әмірліктер арасындағы қатынастарды дамытуға елеулі үлес қосқанын атап өтті.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Мұхаммед бен Зайд Әл Нахаянды БАӘ Президенті болып сайлануымен құттықтап, оның басшылығымен әмірліктердің одан әрі гүлдене беретініне сенім білдірді.

БАӘ Президенті өз кезегінде осындай ауыр жағдайда арнайы келіп, жеке қолдау көрсеткені үшін Қазақстан көшбасшысына ризашылығын білдірді, сондай-ақ елорда көшелерінің біріне шейх Халифаның аты берілетініне алғысын айтты.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы БАӘ Президентін Қазақстанға сапармен келуге шақыруын нақтылады.

Алматыда Тоқаевтың төрағалығымен ЖИ дамыту жөніндегі кеңестің екінші отырысы өтті

Мемлекет басшысы жиында сөйлеген сөзінде әлем технологиялық трансформацияның мүлдем жаңа кезеңіне қадам басқанына назар аударды.

Мемлекет басшысы: «Цифрлық теңгені кеңінен қолдану шын мәнінде «ойын ережесін» өзгертеді

Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканы цифрландыру заман талабы екенін айтты.

Мегаполистерде баспана бағасы жылдам өсіп жатыр

Наурыз айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жаңа тұрғын үй Астанада 20,7%, Алматыда 20,2%-ға қымбаттаған.

Комадағы науқастарға мүгедектік рәсімдеу жеңілдетіледі 

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарды қолдау тетіктерін жетілдіру бағытында жаңа өзгерістер ұсынды.

2026 жылы Қазақстанда қанша шетелдік жұмыс істей алады 

Қазақстанда 2026 жылы жұмыс берушілер қанша шетелдік қызметкер тарта алатыны нақтыланды.