Танымал рэп-орындаушы «Астана» клубының бас директоры болды

Самсон Аракелян «Астана» баскетбол клубының бас директоры болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі клуб сайтына сілтеме жасап.

«Клубтың жалғыз құрылтайшысы «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ шешімімен Самсон Аракелян «Астана» кәсіпқой баскетбол клубының бас директоры болып тағайындалды», — делінген хабарламада.

Валерий Тихоненко 13 мамырда клубтың бас директоры қызметінен кеткен.

Самсон Аракелян 1978 жылы 28 наурызда Ақтауда дүниеге келген. Маңғыстау облысы баскетбол федерациясының президенті, FIBA ​​халықаралық баскетбол федерациясының техникалық делегаты. Ол «Астананың» бас директоры қызметіне тағайындалғанға дейін ақтаулық «Каспий» баскетбол клубын басқарған.

Сонымен қатар, Аракелян продюсер және рэп-орындаушы ретінде танымал, ол Big Som лақап атымен өнер көрсетеді. Ол рэпер Скриптониттің YouTube желісіндегі баскетбол туралы «Вечерний 3х3» жобасының атқарушы продюсері болған.

Формирование культуры нетерпимости к коррупции

В настоящее время одной из главных угроз, препятствующих развитию...

Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру

Қазіргі таңда кез келген мемлекеттің өркендеуіне, экономикалық тұрақтылығы мен...

Управление водными ресурсами

В вопросах международной политики Казахстана приоритет отдается сотрудничеству в...

Административный надзор

Для предупреждения совершения лицами, освобожденными из мест лишения свободы,...

Риски принятия наследства

Почему вместе с имуществом могут перейти и долги  КОГДА ЧЕЛОВЕК...