Eurovision-2022 байқауында украиналық топ жеңіске жетті

14 мамырда Туринде Eurovision ән байқауының финалы өтті. Онда украиналық Kalush Orchestra этно-рэп тобы жеңіске жетті, — деп хабарлайды The Flow.

Қазылар алқасы даусының нәтижесі бойынша Украина төртінші орында болған, бірақ содан кейін халық дауысының көрсеткіштері жарияланып, Kalush Orchestra турнир кестесінде үлкен басымдықпен бірінші орынға шықты. Көрермендер топқа мүмкін болған 480 ұпайдың 439-ын берген. Топ 631 ұпай жинады.

Kalush Orchestra байқауда Stefania әнін шырқады — бұл топ фронтмені Олег Псюктің анасына арнау.

Екінші орынды Ұлыбритания алды, оның еншісінде 466 ұпай бар. Бұл елден әнші Сэм Райдер өнер көрсетті, ол Space Man («Ғарыш адамы») әнін орындады.

Үшінші орынды SloMo («Баяу түсірілім») әнімен шыққан испаниялық әнші Шанель иеленді.

Kalush Orchestra — украиндық Enko рэп-лейблінің резиденттері. Оның негізін Alyona Alyona мен продюсер Иван Клименко (Сальта Назад) салған.

Бұл топ Eurovision байқауына қатыспауы керек еді. Украиналық іріктеуде олар рэп-эстетика мен фольклорды үйлестіретін Алина Паштан жеңіліп, екінші орын алған еді. Бірақ Паш кейіннен Қырымға барғаны үшін халықаралық байқауға жіберілмеген.

Борьба с киберпреступностью

СИСТЕМНАЯ ПРОФИЛАКТИКА ИНТЕРНЕТ-ОБМАНА В АЛМАТИНСКОЙ ОБЛАСТИ НАБИРАЕТ ОБОРОТЫ. МЕСТНАЯ...

Реализация проектов в действии

В ХОДЕ РАБОЧЕЙ ПОЕЗДКИ АКИМ ОБЛАСТИ АБАЙ БЕРИК УАЛИ...

К 100-летию выдающегося режиссера

ТОРЖЕСТВЕННОЕ ОТКРЫТИЕ МЕРОПРИЯТИЙ, ПОСВЯЩЕННЫХ 100-ЛЕТИЮ ВЫДАЮЩЕГОСЯ КАЗАХСКОГО РЕЖИССЕРА, ЗАСЛУЖЕННОГО...

Иллюзия близости: почему чат-боты заменяют нам друзей?

ПОЗДНИЙ ВЕЧЕР, В КВАРТИРЕ ТИХО, ГОРОД ЗА ОКНОМ ДАВНО...

Водоснабжение населения: итоги и планы

В Казахстане продолжается системная работа по обеспечению населения качественными...