Нұр-Сұлтанда 8-қабаттан құлаған қызды қағып алған тағы бір ер адам марапатталды

Нұр-Сұлтанда 8-қабаттан құлаған қызды қағып алған тағы бір адам — Сағи Жылқышиев те марапатталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ведомство мәліметінше, бүгін елордалық Төтенше жағдайлар департаментінде досы Сәбит Шонтақбаевпен бірге сегізінші қабаттың терезесінен құлап бара жатқан қызды құтқарған Сағи Жылқышиевті марапаттау рәсімі өтті.

«Сағи Жылқышиев көрсеткен ерлігі үшін ҚР ТЖМ бұйрығымен «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен, алғыс хатпен және қол сағатымен марапатталды», — делінген хабарламада.

Еске салайық, 11 мамырда Сәбит досымен бірге таңертең жұмысқа бара жатқан кезде, адамдарды көріп, 8 қабатта тұрған баланың айқайын естіп, дереу подъезге жүгірген болатын. Көршілер арқылы 7 қабатқа көтерілген Сәбит Сағимен бірге баланы құтқармақ болған. Сәбит терезеден өтіп, Сағи досы бір қолымен аяғын, екінші қолымен терезені ұстап сақтандырып тұрды.

«Біз айқайларды естіп, ілініп тұрған баланы көрдік, ойымыз тек баланы құтқару болды, ойланбастан жүгірдік», — деген еді Сағи Жылқышиев.

Заң – тәртіп пен әділеттіліктің негізі

Қоғамдағы тұрақтылық пен азаматтардың қауіпсіз өмір сүруінің маңызды кепілі...

Абай облысындағы әйелдер колониясының қызметкерлері «Мектепке жол» акциясы аясында көпбалалы отбасына көмек көрсетті

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері республикалық «Мектепке...

Сот приставының сот жүйесіндегі рөлі мен маңызы

Сот жүйесі – мемлекеттің құқықтық тәртібі мен азаматтардың заңды...

Токаев: печаль — плохой попутчик для нашей молодежи

«Человек, который боится сделать шаг, не верит в свои...