Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

Қазгидромет Қазақстандағы 14, 15 және 16 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның солтүстік, батыс, шығыс облыстары циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронтальды учаскелердің ықпалында болады.

«Батыс циклонының екпінімен және атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен республика аумағының басым бөлігінде алдағы үш күнде жауын-шашын болады. Солтүстік-батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, солтүстікте және орталықта жаңбыр жауады. Кей өңірлерде қатты жаңбырдың арты бұршаққа ұласып, жел күшейеді. Соған қарамастан күндіз ауа райы жылы болады», — делінген хабарламада.

Еліміздің батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында күндіз термометр 17-25 градусқа дейін, республиканың оңтүстігінде 18-28-ден 23-35 градусқа дейін жылы болады.

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...