Қазақстанда баспана сатып алушылар саны азайды

2022 жылғы сәуірде тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 52520 мәміле тіркелді. Бұл туралы наурыз айымен (67 801) салыстырғанда 22,5% кем, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Сатып алудың ең көп саны Қарағанды облысында – 8 898, одан кейін Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында, тиісінше 6 583 және 5 900 шарт. Наурыз айында да дәл осы үш аймақ тұрғын үй нарығының саудасында көш бастаған болатын. Мәміле саны ең аз болған өңір – Солтүстік Қазақстан облысы, 958.

Қазақстандықтарды көбіне көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй қызықтырған, барлығы – 38 149 мәміле. Көп пәтерлі үйлердегі бөлмелер саны тұрғысынан 2-бөлмелі пәтерлер сұранысқа ие. Сәуірде 15 мыңнан астам 2-бөлмелі пәтер рәсімделді, ал 1-бөлмелісі одан сәл аз – 13 мың. Жеке үйлер бойынша 14 371 мәміле рәсімделді. Жер үйлерді Алматы, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындарды құп көрген.

2022 жылғы сәуірде тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны өткен жылдың тиісті айымен салыстырғанда 12% кеміді. Тұрғын үй нарығындағы мәмілелердің өткен жылғы сәуірмен салыстырғанда ең көп кемуі Маңғыстау облысында тіркелді -48,9%.

Заң – тәртіп пен әділеттіліктің негізі

Қоғамдағы тұрақтылық пен азаматтардың қауіпсіз өмір сүруінің маңызды кепілі...

Абай облысындағы әйелдер колониясының қызметкерлері «Мектепке жол» акциясы аясында көпбалалы отбасына көмек көрсетті

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері республикалық «Мектепке...

Сот приставының сот жүйесіндегі рөлі мен маңызы

Сот жүйесі – мемлекеттің құқықтық тәртібі мен азаматтардың заңды...

Токаев: печаль — плохой попутчик для нашей молодежи

«Человек, который боится сделать шаг, не верит в свои...