Жәнібек Әлімханұлының әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жегін қазақстандық телеарна көрсетеді

Жәнібек Әлімханұлы мен британдық Дэнни Дигнум арасындағы жекпе-жекті «Хабар» телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жәнібек Әлімханұлы командасы жекпе-жекті «Хабар» телеарнасы тікелей эфирде көрсететіні туралы видео-анонс жариялады. Трансляция жексенбі, 22 мамыр, Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы сағат 08:00-де басталады.

Жекпе-жек Лас-Вегаста WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы «уақытша» әлем чемпионы атағы үшін өтеді. Бұл екі боксшының да әлем чемпионы атағы үшін алғашқы айқасы болмақ.

Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін былтыр қараша айында өткізген – ол француз Хассан Ндам Нжикаммен (38-6, 21 КО) кездесіп, оны сегізінші раундта нокаутқа жіберген болатын.


“Слово – не воробей…”, а скриншот из чата или сторис в Instagram могут стать поводом для судебного иска

Суды обязывают удалять оскорбительные публикации, опровергать недостоверные сведения и...

Қазақстанды өзгерткен жеті жыл

Қазақстандағы қарапайым жұмыс күнінің таңертеңінде отбасы бірнеше жыл бұрын...

От стабильности к обновлению: Как происходит трансформация Казахстана

Как экономический рост укрепил позиции Казахстана в Центральной Азии Обычным...

ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері ауыл тұрғындарын Қарттар күнімен құттықтады

Қарттар күніне орай Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының...