12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Бахтияр Қожахметов қызметінен босатылды

Бахтияр Қожахметов қаржы вице-министрі қызметінен босатылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Бахтияр Дүйсенбайұлы Қожахметов ҚР қаржы вице-министрі қызметінен босатылды», — делінген хабарламада. 

Айта кетейік, Бахтияр Қожахметов 1985 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген.

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Карлов университетін, Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2004 жылы жеке компанияда маман ретінде бастаған.

2005-2007 жылдары қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдарда жұмыс істеді.

2007-2009 жылдары «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-да түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.

2009 жылы — «Нұр-Сұлтан қаласы XXI ғасыр көшбасшысы» ЖҚБ төрағасының орынбасары.

2010-2011 жылдары — «Зерде» ҰИХ» АҚ инфрақұрылымдық жобалар мониторингі департаментінің менеджері.

2011-2012 жылдары — «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-да түрлі лауазымдарда еңбек етті.

2012-2013 жылдары — ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру басқармасы басшысының м. а., басшысы.

2013-2014 жылдары — ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасары.

2014 жылы — «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ зерттеу зертханалары орталығының үлкен деректер зертханасының жетекшісі.

2014-2015 жылдары — «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

2015-2016 жылдары — «Азаматтарға арналған үкімет» АҚ директорының орынбасары.

2016-2017 жылдары — «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ төрағасының орынбасары.

2017-2019 жылдары — «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ басқарушы директоры.

2020 жылғы сәуірден бастап — «Зерде» ҰАХ» АҚ басқарма мүшесі-төрағасының орынбасары.

КӨКШЕТАУДА ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ФОРУМЫ ӨТТІ

3 мамырда Көкшетауда қазақ тілі мен әдебиеті пәні...

Сотрудники-наставники акмолинского ДУИС организовали работу по патриотическому воспитанию молодежи

Патриотическое воспитание подрастающего поколения, молодежи - актуально на всех...

Сотрудники акмолинского ДУИС посетили соседнюю область, в рамках профориентационной работы

Сельские школы Еленовки, Шалкара и Лобаново Северо-Казахстанской области посетили...

Ақын Маралтай Райымбекұлы Ыбыраев жазалы балалармен кездесті

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі...

В кабинете НВП школы сотрудники УИС открыли кадетский уголок

В начальной школе им. Алтынбике Бертаевой села Достык Енбекшиказахского...