«Алматы жастары» ипотекалық бағдарламасына 18 мамырдан бастап өтініш беруге болады

«Алматы жастары» ипотекалық бағдарламасы өтінімдер қабылдауды бастайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы әкімі Ерболат Досаев жастарға арналған қалалық бағдарламаның қайта жаңғыртылғаны туралы хабарлады. Өтінімдерді қабылдау 18 мамырда басталып, 1 маусымға дейін жалғасады.

Осы жолы 1000 жас отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Олардың арасында бюджеттік ұйымдардың сұранысқа ие мамандықтарынан: мұғалімдер, медицина қызметкерлері, оқытушылар, мәдениет және спорт саласының қызметкерлері және тағы басқалары бар.

Қатысушыларға бастапқы және қайталама тұрғын үй сатып алу үшін 18 миллион теңгеге дейінгі сомаға 5%-бен жеңілдікті заем беріледі. Бастапқы жарна – қарыз сомасының 10%-ы.

«Алматы жастары» ипотекалық бағдарламасы туралы толығырақ ресми сайтынан білуге болады.

Елімізде тұмаудың қай түрі өршіп тұр?

Министрліктің мәліметінше, кейінгі бір аптада елімізде ЖРВИ жұқтырудың 133 052 жағдайы тіркелген. Ал эпидемиялық маусым басталғалы бері 1 453 967 жағдай анықталған.

Қытай көліктері Қазақстан нарығын өзгертті: Отандық автоөндірісті не күтіп тұр? 

Қытайлық брендтердің бәсекесі күшейген тұста Қазақстан автоөнеркәсібін не күтіп тұр және отандық өндіріс қалай дамуы мүмкін?

Дәмханалар мен мейрамханаларда енді қай әннің қанша рет шырқалғаны есепке алынады 

Жүйе мекемелерде қай әннің қанша рет орындалғанын тіркеп, авторлар мен орындаушыларға тиесілі сыйақыны есептеуге мүмкіндік береді.

Қар аралас жаңбыр жауады: Қазақстанның алты өңірінде жол жағдайы күрделенуі мүмкін 

25 қарашада Қазақстанның алты облысында қар аралас жаңбыр жауып, кей жерлерде қар күтіледі. Осыған байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың жекелеген учаскелерінде көріну қашықтығы төмендеп, жол беті тайғақ болуы мүмкін.

Қазақстанда 2027 жылдың соңына дейін 3G желісі толық өшіріледі

Қазақстанда 2027 жылдың соңына дейін 3G мобайл байланыс желісін толық өшіріп, оның орнына 4G желісін дамыту жоспарланып отыр.