12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қасым-Жомарт Тоқаевты фото және видеоға түсіретін кімдер?

Президенттің баспасөз қызметі Ақордадағы фото және видео түсіруге жауапты мамандар туралы айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Президенттің жеке фотографы — Аманқұл Дүйсенбаев. 1988 жылы дүниеге келген. Ол Қасым-Жомарт Тоқаевпен Парламент Сенатының төрағасы кезінен, яғни 2007 жылдан бері бірге жұмыс істеп келеді», — делінген Президент баспасөз қызметінің «Борт №1» Telegram-арнасында.

Тағы бір жеке фотограф — Ғани Өмірбеков. Ғанидың Президент баспасөз қызметінде жұмыс істегеніне 3 жылға жуық уақыт болған.

«Қазақстан Президентінің Түркияға мемлекеттік сапары кезінде әлеуметтік желілердегі парақшаларымызда таралған видеоларды жасаған — Ғабиден Құрышбеков есімді азамат. Ол 1994 жылы дүниеге келген. Ғабиденнің баспасөз қызметінде жаңа форматтағы аса жауапты жұмысты бастағанына көп уақыт өткен жоқ», — делінген хабарламада.

Наурыздың басында Президенттің баспасөз қызметі «Борт №1» Telegram-арнасын ашқан болатын. Онда Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмысы туралы суреттер мен видео-материалдар жарияланады.

Абайдың мұрасы – сарқылмас қазына

Абай XIX ғасырдың бірінші жартысының соңында қазіргі Шығыс Қазақстан...

Гранит чьей-то совести

АЛМАТЫ НА СЛАВИТСЯ ГОРЫ, УЮТНЫМИ СВОИМ ЖИВОПИСНЫМ УЛИЦАМИ И СТРЕМЛЕНИЕМ...