Сауд Арабиясы Қазақстаннан 3 мың адамға қажылық парызды өтеуге рұқсат берді

Биыл Қазақстаннан қажылық парызды өтеуге 3 мың адамға рұқсат берілді. Осындай келісім Сауд Арабиясы Корольдігінде (САК) Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Қажылық және ұмра министрі Тауфик ибн Фаузан ар-Рабиамен кездесуінде жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кездесуде биылғы қажылықты ұйымдастыру мәселелері сөз болды.

Кездесуде Наурызбай қажы қазақстандық қажыларға барынша қолайлы жағдай жасау бойынша өз ұсынысын жеткізді. Оның ішінде ең маңыздысы қажыларды жеткізетін әуе тасымалының тиімді бағада болуы турасында келіссөздер жүргізілді. Өйткені чартерлік әуе рейстерінің бағасы қазақстандық қажылар үшін қымбатқа соғуда.

Ал өз кезегінде Тауфик ибн Фаузан ар-Рабиа қазақстандық қажыларға барынша қолдау көрсететінін айтты.

Екіжақты кездесу барысында биыл Қазақстаннан 3 мың адам қажылық парызын өтейтіні туралы келісілді.

Сауд Арабия тарапы Қазақстанға берілген ресми 3 мың орыннан тыс, қажылық маусымда елге кіруге ешкімге жол берілмейтінін ашып айтты.

Бұдан бөлек, Қазақстанның бас мүфтиі Дүниежүзілік ислам лигасының бас хатшысы шейх, доктор Мұхаммед ибн Абдулкарим әл-Иссамен кездескен.

Н.Тағанұлы Дүниежүзілік ислам лигасының бас хатшысын Қазақстанға сапармен шақырды.

«Дүниежүзілік ислам лигасы Қазақстанда өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін, біздің ортақ бастамаларымызды қолдап келеді. Өзіңізді қыркүйек айында Қазақстан астанасында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезіне қатысу үшін арнайы шақырамыз. Біздің мақсатымыз тәуелсіздік алған тұстан бері бейбітшілікті ұстану, әлемде болып жатқан жанжал, дінаралық қақтығыстардың алдын алу. Осы ретте лиганың атқарып отырған жұмысы орасан зор», — деді бас мүфти.

ҚМДБ баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесу соңында бас хатшы Қазақстанға шақыруды қабыл алғанын және бұл шара жоспарында бар екенін жеткізді.

Автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жазаламайды — ІІМ түсініктеме берді

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жауапкершілікке тартатыны туралы ақпарат тараған еді. ҚР ІІМ ӘПК өкілдері бұл ақпараттың шындыққа сәйкес еместігін мәлімдеді.

Елімізге көптен күткен көктемгі жылу қашан келеді?

Бұл сұраққа Қазгидромет синоптиктері жауап берді.

Мұнайдың қымбаттауы Қазақстан бюджетіне қалай әсер етеді?

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мұнай бағасының қымбаттауынан Қазақстанға түсетін қосымша пайда туралы сұраққа жауап берді.

Ораза айт — 2026: қай күні тойланады және мерекенің мәні неде?

Ораза айт – мұсылмандар үшін маңызды мерекелердің бірі. Бұл күн қасиетті Рамазан айының аяқталуын білдіреді және бір ай бойы ұстаған оразаның қорытындысы саналады.

Салық кодексі тағы өзгереді: үкіметте қандай түзетулер талқыланып жатыр?

Үкіметте Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсе жұмысының алдын ала қорытындысы қаралды.