Бокстан әлем чемпионатында бүгін 4 қазақстандық қыз рингке шығады

Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында бүгін, 12 мамырда қазақстандық төрт спортшы шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Түркияның Ыстанбұл қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында бүгін, 12 мамырда күндізгі сессияда Назым Қызайбай (50 келі) колумбиялық Ингрит Валенсиямен, Дина Жоламан (54 келі) испаниялық Мария Мадуэньо Кондемен, Римма Волосенко (60 келі) англиялық Шона Уитуэллмен жекпе-жекке шығады.

Кешкі сессия Дариға Шәкімова (66 келі) өзбекстандық Навбахор Хамидовамен кездеседі. Жекпе-жектер «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Әлем чемпионатына еліміздің атынан 12 боксшы барды.

Олардың қатарынан әзірге алты боксшы шаршы алаңға шығып, оның төртеуі жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

Әлем чемпионатында ел құрамасынан Алуа Балқыбекова (48 келі), Жайна Шекербекова (52 келі), Карина Ибрагимова (57 келі), Валентина Хальзова (70 келі) жарыстың келесі сатысына шықты.

Ал Аида Әбікеева (63 келі) мен Надежда Рябец (75 келі) қарсыластарына есе жіберіп қойды.

Әлем чемпионаты 20 мамырда мәресіне жетеді.

Надежный мост между государством и обществом 

В этом году административная юстиция Республики Казахстан отмечает 5-летие...

Правовой компас 

С 1 СЕНТЯБРЯ 2026 ГОДА В УЧЕБНОМ РАСПИСАНИИ КАЗАХСТАНСКИХ...

«Вершины, которые мы выбираем»

1 ИЮЛЯ 2026 ГОДА – ДАТА, КОТОРАЯ ВОЙДЕТ В...

Ментальность карманника: жизнь за чужой счет 

КАРМАННАЯ КРАЖА СУЩЕСТВУЕТ РОВНО СТОЛЬКО ЖЕ, СКОЛЬКО СУЩЕСТВУЮТ МНОГОЛЮДНЫЕ...

Цена одной процессуальной ошибки

В 2021 ГОДУ КАЗАХСТАН СДЕЛАЛ ОДИН ИЗ САМЫХ СЕРЬЕЗНЫХ...