60 жастағы паражүзуші ардагерлер арасында Қазақстан чемпионы атанды

Алматыда әуесқойлар мен ардагерлер арасында жүзуден Қазақстанның төртінші чемпионаты аяқталды. Жарысқа әлемнің 6 елінен 193 спортшы қатысты. Алматы облысы Талғар ауданынан келген Шакер Смағұлов 60 жасында үздік атанды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мүмкіндігі шектеулі Шакер Смағұловтың жеңісі турнирдің нағыз сенсациясына айналды. Ол бірден екі қашықтықты бағындырса, тағы екеуінде күміс және қола медальдарды жеңіп алды.

«Чемпионатты ұйымдастырушыларға алғыс айтқым келеді, көптеген әуесқой спортшылармен таныстым. Өз жетістігіме қуаныштымын, жарыс жоғары деңгейде өтті», — дейді Шакер Смағұлов.

Бұл турнир төртінші рет өтіп жатыр. Соңғы екі жылда олар коронавирусқа байланысты ұйымдастырылмаған. Биыл жарыс өз ісінің үздіктерін жинады.

Ардагерлер мен әуесқойлар арасындағы жарысқа мүмкіндігі шектеулі 10 спортшы қатысты.

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...