Екі өңірде қатты құрғақшылық болуы мүмкін — Қазгидромет

Соңғы деректерге байланысты мамырдағы құрғақшылық туралы болжам түзетілді. Ел аумағының басым бөлігінде, ай бойы ылғалдану жағдайлары нормаға жақын болады деп күтіліп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК сайтына сілтеме жасап.

Болжам бойынша 4 облыста орташа құрғақшылық болады. Атап айтқанда, Ақмола облысының Степногорск қаласы маңында, Солтүстік Қазақстан облысының Мағжан Жұмабаев ауданында, Қызылорда облысының Арал және Ақтөбе облысының Әйтеке би мен Хромтау аудандарында.

Ал, 2 өңірде қатты құрғақшылық болуы мүмкін. Олар — Қызылорда облысының Қармақшы ауданы мен Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданы.

«Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында, сондай-ақ Жамбыл облысының оңтүстігінде және Түркістан облысының Созақ ауданында, Солтүстік Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов, Тимирязев және Тайынша аудандарында, Ақтөбе облысы Ырғыз және Ойыл аудандарында, Алматы облысы Еңбекшіқазақ және Іле аудандарында, Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха және Үржар аудандарында ауа райы қолайлы болады», — деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Еске салсақ, нөсер жаңбырдың салдарынан Маңғыстау облысындағы 2 қала мен 3 ауданындағы 9 елді мекенді су басқан болатын.

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...