Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқын Жеңіс күнімен құттықтады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

«Құрметті қазақстандықтар!

Баршаңызды Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл қастерлі күн халқымыздың ерен ерлігі мен бірлігінің, қаһармандығының символы болып саналады.

Біз бүгін соғыс құрбандарының рухына тағзым етіп, ардагерлерге құрмет көрсетеміз. Олардың майдандағы өжеттігі мен тылдағы еңбегі туған елге деген қалтқысыз сүйіспеншіліктің және қайсарлықтың жарқын үлгісі екені сөзсіз, — делінген хабаламада.

Сондай-ақ, Назарбаев жиырмасыншы ғасырдағы ең сұрапыл соғыстағы жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Отан үшін от кешкендердің ерлігін ұмытпау, ардагерлерге қамқорлық көрсету — баршамыздың қасиетті борышымыз екенін атап өтті.  

«Батыр бабаларымыздың қаһармандығы қазіргі тыныш заманда да біздің бойымызға жігер береді. Ол ауызбірлік, патриоттық, қайсарлық және Отанға деген махаббат арқылы кез келген қиындықты жеңіп, бейбіт әрі бақуатты өмірге қол жеткізуге болады деген сенімімізді нығайта түседі.

Ұлы Жеңіс күнінде баршаңызға мықты денсаулық, баянды бақыт пен жақсылық тілеймін! Аспанымыз әрдайым ашық болсын!», — деп толықтырды Назарбаев.

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...