Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Жеңіс күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы сұрапыл соғыста халқымыз күш-жігерін сарп етіп, орасан зор шығынға ұшырағанын, майдангерлердің қаһармандығы мен қайсарлығының, тыл еңбеккерлерінің жанкештілігінің арқасында жеңіске жеткендігімізді тағы бір мәрте еске салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент 9 мамырдың төл тарихымыздағы орны ерекше екенін атап өтті.

Бұл – жанқиярлықпен ел қорғаған аталарымыз бен әкелеріміздің, әжелеріміз бен аналарымыздың рухына тағзым ететін күн. Бұл – фашизмді жеңген ерлердің ерен ерлігін жадымызда жаңғыртатын күн.Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы сұрапыл соғыста халқымыз күш-жігерін сарп етіп, орасан зор шығынға ұшырағанын, майдангерлердің қаһармандығы мен қайсарлығының, тыл еңбеккерлерінің жанкештілігінің арқасында жеңіске жеткендігімізді тағы бір мәрте еске салды. Елдің азаттығы мен ұрпақтың жарқын болашағы үшін жанын пида еткен боздақтарымызды мәңгі есте сақтау – қасиетті борышымыз.

Өкінішке қарай, қан майданның қияметін басынан өткерген ардақты аға буынның қатары жыл өткен сайын сирей түсуде. Қазақстанда Жеңістің 77 жылдығын небәрі 376 ардагер, 68 347 тыл еңбеккері ғана қарсы алып отыр. Еліміздің барша азаматтары өздеріңізге бас иеді. Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы соғыс ардагерлеріне мемлекет жан-жақты қолдау көрсетіп келе жатқанын, олар қоғамымыздың да құрметін көріп, қамқорлығына бөленуге тиіс екенін атап өтті. 

Из плоскости кулуарных домыслов в строго правовое русло

КОНСТИТУЦИОННЫЙ СУД РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ПОСТАВИЛ ТОЧКУ В ВОПРОСЕ ПРИМЕНЕНИЯ ОТДЕЛЬНЫХ НОРМ НОВОЙ КОНСТИТУЦИИ К ЛИЦАМ, ЗАНИМАВШИМ ВЫСШИЕ ГОСУДАРСТВЕННЫЕ ДОЛЖНОСТИ ДО КОНСТИТУЦИОННОЙ РЕФОРМЫ. ОФИЦИАЛЬНОЕ ТОЛКОВАНИЕ ОПРЕДЕЛИЛО, КАК БУДУТ ПРИМЕНЯТЬСЯ ОГРАНИЧЕНИЯ ПРИ ИХ ПОВТОРНОМ ИЗБРАНИИ ИЛИ НАЗНАЧЕНИИ ПОСЛЕ ВСТУПЛЕНИЯ В СИЛУ ОСНОВНОГО ЗАКОНА 2026 ГОДА.

Алматыда сирек және өте сирек кездесетін жер металдарын зерттейтін орталық құрылады 

Қазақстан 34 минералдың 21 түрі бойынша жеткізуші елдердің қатарына кіреді.

ӘЧ-2026: Франция әлем чемпионатының жартылай финалына шықты 

Енді жартылай финалда Франция құрамасы Испания - Бельгия арасындағы ойында жеңімпаз атанған командамен кездеседі.

Аида Балаева Джеки Чанға мәдени байланысқа қосқан үлесі үшін алғыс айтты 

Балаева Джеки Чанды Қазақстандағы түсірілімнің басталуымен құттықтады.