Ресей Рақымжан Қошқарбаев туралы мұрағат құжаттарын Қазақстанға табыстады

7 мамыр күні Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігі Қазақстан Қарулы күштерінің мемлекеттік әскери-тарихи мұражайына мұрағат құжаттарының көшірмесін табыстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Бұл материалдар лейтенант Рақымжан Қошқарбаев пен қатардағы жауынгер Григорий Булатовтың ерлігінің дәлелі. Олар 1945 жылы 30 сәуірде бірінші болып Рейхстагқа Жеңістің қызыл туын тікті», — делінген елшілік хабарламасында.

Салтанатты шараға Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин, Қазақстан Қарулы Күштері бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Серік Борамбаев, Нұр-Сұлтандағы Русский дом қызметкерлері қатысты.

«Іс-шара Қазақстанда Ұлы Жеңістің 77 жылдығын тойлау бағдарламасының маңызды бөлігі», — деп қосты елшілікте.

Елімізде тұмаудың қай түрі өршіп тұр?

Министрліктің мәліметінше, кейінгі бір аптада елімізде ЖРВИ жұқтырудың 133 052 жағдайы тіркелген. Ал эпидемиялық маусым басталғалы бері 1 453 967 жағдай анықталған.

Қытай көліктері Қазақстан нарығын өзгертті: Отандық автоөндірісті не күтіп тұр? 

Қытайлық брендтердің бәсекесі күшейген тұста Қазақстан автоөнеркәсібін не күтіп тұр және отандық өндіріс қалай дамуы мүмкін?

Дәмханалар мен мейрамханаларда енді қай әннің қанша рет шырқалғаны есепке алынады 

Жүйе мекемелерде қай әннің қанша рет орындалғанын тіркеп, авторлар мен орындаушыларға тиесілі сыйақыны есептеуге мүмкіндік береді.

Қар аралас жаңбыр жауады: Қазақстанның алты өңірінде жол жағдайы күрделенуі мүмкін 

25 қарашада Қазақстанның алты облысында қар аралас жаңбыр жауып, кей жерлерде қар күтіледі. Осыған байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың жекелеген учаскелерінде көріну қашықтығы төмендеп, жол беті тайғақ болуы мүмкін.

Қазақстанда 2027 жылдың соңына дейін 3G желісі толық өшіріледі

Қазақстанда 2027 жылдың соңына дейін 3G мобайл байланыс желісін толық өшіріп, оның орнына 4G желісін дамыту жоспарланып отыр.