12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Ер-елінің қорғаны

Қызылорда қалалык пробация қызметі есебіндегі сотталған азаматтар Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану мұражайында 7-мамыр Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай «Ер-елінің қорғаны» атты бейбіт күннің батырларымен кездесу кешінде және тарихы мен мәдениеті құнды жәдігерлерге экскурсияға қатыстырылды.
Аталмыш шараға Ауған соғысының ардагерлері Отаров Еркін Жарылқапұлы, Абжалиев Құрманғазы Оразалыұлы, Бекетаев Нұраддин Зәріпұлы ,пандемия кезеңінде, кешегі «Қаңтар көтерілісінде» елді бірлікке шақырған, қашан көрсең де халықтық іске ұйытқы болып жүретін ақын, «Құрмет» орденінің иегері Мамыр Байдәулетов Байментайұлы, өз көршісінің автокөлігі өртенген кезде төніп тұрған қатерге қарамастан айналадағы адамдар мен техникаларды қауіпсіз аймаққа көшіріп, үлкен қауіптің алдын алып, ерлік көрсеткен №6 Өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі, құтқарушы Үсенов Бейбіт Әбдіманапұлы қатысты.

Ауқымды мерекелік шара аясында ер-азаматтарымыздың ерен еңбегі еленіп, мәңгі айбыны асқақ болсын деп ән, жыр айтылды.
Өнегесі мол мұндай шаралар әрбір адамның жан дүниесіне үлкен азық береді.
Шараға қатыстырылған сотталған азаматтар мұражай әкімшілігіне және пробация инспекторы әділет лейтенанты А.Абдрашитоваға үлкен алғысын білдірді.

Сотталғандармен психологиялық жұмыс: қорқыныштың алдын алу сессиясы

Абай облысындағы №21 мекемеде сотталған азаматтармен психологиялық қолдау жұмыстары...

Облыс прокуратурасының қызметкерлері жаза өтеудегі тұлғалармен кездесу өткізді

«Заң мен тәртіп» қағидаты және Қазақстан Республикасы Конституциясының 30-жылдық...

ҚР ІІМ ҚАЖК №64 мекемесінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған мәдени іс-шара өтті

ҚР ІІМ ҚАЖК №64 мекемесінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне...