ҚФФ басшысы Қазақстан құрамасына неге ресейлік бапкерді тағайындағанын түсіндірді

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Бәрменқұлов ұлттық құраманың тізгінін неге Магомед Адиевке тапсырғанын түсіндірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап. 

44 жастағы ресейлік маман бүгін ресми түрде Қазақстан құрамасының бас бапкері атанды. Осыған орай Футбол үйінде арнайы жиын болып, онда Әділет Берменқұлов таңдау неге Адиевке түскенін айтып берді. 

«Халықаралық күнтізбенің ерекшелігін жақсы білесіздер. Дегенмен, 11 күн ішінде 4 ойын өткізу қиын. Біз стресс жағдайындамыз. Сондықтан мұндай шешім неге қабылданғанын түсіндіргім келеді. Бізге, әрине, бапкерлік құзыретті көру қызық. Бірақ дәл қазіргі уақытта бұл модельді басқа форматта қарастырамыз. Бапкерліктен бөлек, бізге маманның басқарушылығы өте маңызды. Бүгін мен осы стресс жағдайынан қандай да бір жолмен абыроймен шығу керек екенін түсінемін. Адиевтің алдында бірінші міндет — жағдай жасау. Жаттықтырушылар штабында да, командада да байланыс орнату. Неге дәл Магомед Мусаевич? Бірқатар кандидат қаралды, Бабаянмен де әңгімелестік. Бірақ жасыратын ештеңесі жоқ — екі жыл бойы мен Магомед Мусаевичпен жұмыс істедім, оның жақсы басқарушы екенін байқадым», — деді Барменқұлов.

Айта кетейік, маусым айында Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасында төрт кездесу өткізеді. Оның біріншісі Әзірбайжанға қарсы болады. 

Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясында қазақ тілі – мемлекеттік тіл ретінде...

РАЗДЕЛ СУДЕБНАЯ ВЛАСТЬ

К 5-летию административной юстиции ​Наступивший 2026 год для казахстанского правосудия...

ХИТУ колледжінде өткен «Колледж күні» кәсіби бағдар алаңына айналды

2026 жылдың 20 мамырында Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің колледжінде «Колледж...

Масаң күйде көлік тізгіндеу қоғамға қауіпті

Қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – масаң күйде көлік...

Прием заявлений о преступлениях

Порядок приема заявлений об уголовных правонарушениях регламентирован Правилами приема...