Қазақстанда қайталама нарықтағы үй 28 пайызға қымбаттады

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда бір жылда жылжымайтын мүлік қаншаға қымбаттағанын айтты, — деп хабарлайды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Бір жыл ішінде қайталама нарықтағы пәтерлерге бағалар (2022 жылғы сәуір — 2021 жылғы сәуір) 27,7 пайызға, жаңа тұрғын үйді сату — 20,3 пайызға өсті. Сәуір айында абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу өткен жылдың сәуірімен салыстырғанда 22,2 пайызға өсті», — делінген хабарламада.

Бюро мәліметінше, тұрғын үй нарығындағы баға бесінші жыл қатарынан өскен. Баға тек 2016 жылы төмендеген, ол кезде жаңа тұрғын үйлер нарықта 3,6 пайызға, 2017 жылы қайталама нарықта шаршы метр бағасы 1,6 пайызға арзандаған.

«Бір айда (2022 жылы) пәтерлерді қайта сату бағасы 1,8 пайызға өсіп, қайталама нарықтағы тұрғын үйдің шаршы метрі үшін 459 137 теңгені құрады. Жаңа тұрғын үйді сату және абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу бағасы 2022 жылғы сәуірде өткен аймен салыстырғанда 0,8 пайызға өсіп, тиісінше 412 315 теңге болды», — деп толықтырды Ұлттық статистика бюросы.

Надежный мост между государством и обществом 

В этом году административная юстиция Республики Казахстан отмечает 5-летие...

Правовой компас 

С 1 СЕНТЯБРЯ 2026 ГОДА В УЧЕБНОМ РАСПИСАНИИ КАЗАХСТАНСКИХ...

«Вершины, которые мы выбираем»

1 ИЮЛЯ 2026 ГОДА – ДАТА, КОТОРАЯ ВОЙДЕТ В...

Ментальность карманника: жизнь за чужой счет 

КАРМАННАЯ КРАЖА СУЩЕСТВУЕТ РОВНО СТОЛЬКО ЖЕ, СКОЛЬКО СУЩЕСТВУЮТ МНОГОЛЮДНЫЕ...

Цена одной процессуальной ошибки

В 2021 ГОДУ КАЗАХСТАН СДЕЛАЛ ОДИН ИЗ САМЫХ СЕРЬЕЗНЫХ...