6 мамырда Алматының Алатау ауданында көліктің жаңа бағыты іске қосылады

Алматының Алатау ауданында көліктің жаңа бағыты ашылады. 6 мамырдан бастап Алатау ауданында «Мәдениет» ТК–Өжет шағын ауданы арасында №24 көліктің қалалық жаңа бағыт іске қосылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қозғалыс сызбасына сай автобустар «Мәдениет» ТК-нен Саин көшесі бойымен Үлкен Алматы каналынан Солтүстік айналма жолға дейін, Бекболат көшесінен солтүстікке қарай Өжет шағын ауданына дейін барады және кері қатынайды. Желіде 6 автобус жұмыс істейді.

Еске сала кетейік, Алматы әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданының тұрғындарымен кездесуде ауданның өзекті мәселелерінің бірі – көлік бағыттары желісі мен жылжымалы составтың тапшылығын айтқан еді.

Мәселені шешу үшін алты шағын ауданда 2 жаңа маршрут ашылады. 4 бағыт (25, 57, 129, 132) ұзартылып, 4 бағыт күшейтіледі (№109, 115, 122, 125,). Сонымен қатар №103 бағыттағы көліктер жаңарады.

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...