12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Соғыста жеңімпаз болмайды

«Мемлекет пен бүкіл игілік – адам үшін» идеологиясымен өмір сүретін қоғам бақытты. Біз алайда ол қоғамнан әлі де алыстамыз. Біздің идеология «адам – мемлекет үшін, сен еліңе не бердің?» дейтін кеңестік идеология. Көзін тырнап ашқаннан осы таным-түсінікпен өмір сүрген ұрпақ «соғыс» деген сұрқылтайдың зардабын әлі күнге тартып келеді.
Кеңестік елдер құрамында болған көп мемлекет «Артымызда Москва, шегінерге жол жоқ!», «Отан үшін отқа түс, күймейсің!» деген ұранмен армансыз сусындады, оның әсері 20-ның ар жақ бер жағындағы өрімдей жастарды Екінші дүниежүзілік соғыста жалаң қолмен от көсетіп, оққа ұшырды.

Оған соғыс тарихына қатысты статистика мен архивтың ақтаңдақ парақтары дәлел. Жеңіске жеткен тарап сапында біздің де аталарымыз, біздің де әжелеріміз болды. Олардың қан майдандағы жүріп өткен жолы жырға айналды, көзсіз батырлығы өнеге, әрбір әңгімесі патриоттық ұран ретінде дәріптелді.
Бірақ бүгінгі құндылық, бүгінгі тарих Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан әрбір солдатты жалған идеологияға алданған ұрпақ, пафосты ерлік жырының құрбаны ретінде қарас­тыра бастады. Өйткені, әлем соғысқа қарсы. Адамзаттың қасіретін арқалайтын, бақытсыздығын еселейтін соғыста қандай жеңімпаз болсын?! Адам – қонақ, әлем – мәңгілік. Ендеше, ешкімнің біреудің өмірін қиюға, оның айналасын тып-типыл етіп жо­йып жіберуге қақысы жоқ.
Соңғы жылдары өнер, әдебиет, мәдениет, кино, театр өзінің негізгі тақырыптарына жалған жасампаздықты, халық бірлігі мен қуатты мемлекетті емес, адамның жаны, адамның өмірі мен бостандығы, оның бақытты болашағы мен үйлесімді өмірін шығаруға тиіс болатын. Бұл жалпы қоғамды басқыншылық көңіл-күй мен менменшіл, өзімшіл мінезінен алыстатуға қыз­мет етер еді. Себебі, соғыс тақырыбында адам трагедиясы жеңілген де, жеңген де тарапқа ортақ. Бұл соғыс­та жеңімпаз болмайтынының дәлелі.
Мемлекеттік идеология ұлтты, би­лікті, басшыны көзсіз сүйгізудің «озық» бағдарламаларынан бас тарт­пай соғыс қасіреті мен зардабын көрсету, оған әділетті баға сұрау артық. Рас, қазір Екінші дүниежүзілік соғыс­ты әрқилы көзқарас тұрғысынан көрсететін фильмдер көп, әдеби шы­ғармалар жетерлік. Мәселен, неміс режиссері Филипп Кадельбахтың «Біздің аналар, біздің әкелер» фильмі соғыстың жастардың жігерін қалай жасытқанын, биік армандарынан қалай алыстатқанын, қарапа­йым неміс азаматтарын қалай бақытсыз еткенін көрсетті. Бір мақсат, бір мүдде, ортақ Отан идеясының әлемде өте сәтсіз идеология болғанын кино тілінде сөй­летті, дәлелдеді. Мұнда біржақты айыптау жоқ. Керісінше, орыс әскерлерінің әрбір үй үшін, әрбір ғимарат үшін жан аямай ерлікпен шайқасқаны айтылады. Мұнда «кім кінәлі?» деген сұрақ қойылмайды. Режиссер неміс офицерлерінің бейкүнә қарусыз адамдарды қалай атып, қалай дарға асқанын, үй жайымен қоса өртеп, әлемге қалай геноцид жасағанын әділетті беруге тырысады. Неміс әскерлерін тек қана басқыншы образында қалдырмайды, фильм кейіпкерлері арқылы олардың да дәл өзгелер секілді соқыр саясаттың құрбаны болғанын, олардың да трагедиялы тағдыр иелері екендігін шебер жеткізеді.
Беларусь жазушысы Светлана Алексевичтің «У войны не женское лицо» деген кітабы да соғыстағы әйел­дер қасіретін ашық көрсетті. Нобель сыйлығына ие болған әйгілі кітаптың әр беті соғыс кезеңіндегі әйелдердің өз аузымен айтылады. Ақиқат қашан да анық, ашық айтылуымен құнды.
Ал, біздің кино, біздің әдебиет ше? Бізде адам трагедиясынан гөрі жеңісті монополиялау басым.
Тарихтағы мұндай қателіктер ұлттық идеологияның адами ізгі қасиеттердің ғана насихатшысы болу керек екенін көрсетті. Өз ұлтын өзгеден артық қою – басқаны менсінбеу, оны жою секілді жаулық пиғылды оятатынын осындай соғыстар дәлелдеді, бүгінгі соғыс та осындай амбициялардың нәтижесі…

Жадыра Құдайберген

ИСКОРЕНИТЬ СОЦИАЛЬНОЕ ИЖДИВЕНЧЕСТВО

Выступая на первом форум работников сельского хозяйства, Глава государства...

Киберзавры против кибер-мошенников

В Шымкенте стартоал образовательный проект «Киберзары», направленный на повышение...

Книги на автобусных остановках

Современный мир становится все более цифровым. И это касается не...

Поддерживая демократические процессы

В Санкт-Петербурге прошло 57 пленарное заседание Межпарламентской Ассамблеи СНГ,...

В борьбе с виртуальной преступностью

На недавнем заседании Международного совета при Верховном Суде Республики...