Келесі аптада утилизациялық алымның жаңа тарифтері күшіне енеді. Бүгінде арнайы құжат әділет министрлігінде тіркелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарақ агенттігі.
Утилизациялық тарифтерге қатысты бұйрық 3 мамырда жарияланды. Заң бойынша осы құжат он күнтізбелік күн, яғни, 14 мамырда күшіне енеді. Содан бастап Қазақстанда утилизациялық алымның мөлшері ресми түрде екі есеге төмендетіледі.
Жеңіл көліктерге арналған утилизациялық алым (қозғалтқыштың көлеміне қарай):
1 мың см³-ге дейін – 229 725 теңге (бұған дейін 459 450 теңге болған);
1 001-ден 2 000 см³-ге дейін – 536 025 теңге (бұған дейін 1 072 050 теңге болған);
2 001-ден 3 000 см³-ге дейін – 765 750 теңге (бұған дейін 1 531 500 теңге болған);
3 001 см³-ден жоғары – 1 761 225 теңге (бұған дейін 3 522 450 теңге болған).
Ал электр қозғалтқышы бар көліктерге (гибридтік көліктерден басқа) утилизациялық алым салынбайды.
Жүк көліктеріне арналған утилизациялық алым (массасына қарай):
2,5 тоннаға дейін – 536 025 теңге (бұған дейін 1 072 050 теңге болған);
2,5-нан 3,5 тоннаға дейін – 1 148 625 теңге (бұған дейін 2 297 250 теңге болған);
3,5-нан 5 тоннаға дейін – 1 148 625 теңге (бұған дейін 2 297 250 теңге болған);
5-тен 8 тоннаға дейін – 1 225 200 теңге (бұған дейін 2 450 400 теңге болған);
8-ден 12 тоннаға дейін – 1 454 925 теңге (бұған дейін 2 909 850 теңге болған);
12-ден 20 тоннаға дейін – 1 608 075 теңге (бұған дейін 3 216 150 теңге болған); \
20-дан 50 тоннаға дейін – 3 139 575 теңге (бұған дейін 6 279 150 теңге болған);
электр қозғалтқыш орнатылған жүк көліктерінің утилизациялық алым мөлшері – 0 теңге. Автобустарға арналған утилизациялық алым (қозғалтқыштың көлеміне қарай):
2,5 мың см³-ге дейін – 612 600 теңге (бұған дейін 1 225 200 теңге болған);
2,5-нан 5 мың см³-ге дейін – 1 225 200 теңге (бұған дейін 2 450 400 теңге болған);
5-тен 10 мың см³-ге дейін – 1 608 075 теңге (бұған дейін 3 216 150 теңге болған);
10 001 см³-ден жоғары – 2 067 525 теңге (бұған дейін 4 135 050 теңге болған);
электр қозғалтқыш орнатылған автобустар (гибридтік көліктерден басқасы) – 0 теңге.
Тракторларға арналған утилизациялық алым (қозғалтқыштың қуатына қарай, ат күшімен өлшенеді): 60 ат күшіне дейін – 306 300 теңге (бұған дейін 612 600 теңге болған);
61-ден 130 ат күшіне дейін – 842 325 теңге (бұған дейін 1 684 650 теңге болған);
131-ден 220 ат күшіне дейін – 2 603 550 теңге (бұған дейін 5 207 100 теңге болған);
221-ден 380 ат күшіне дейін – 4 441 350 теңге (бұған дейін 8 882 700 теңге болған);
380 ат күшінен жоғары – 6 126 000 теңге (бұған дейін 12 252 000 теңге болған).
Комбайндарға арналған утилизациялық алым (қозғалтқыштың қуатына қарай):
160 ат күшіне дейін – 1 378 350 теңге (бұған дейін 2 756 700 теңге болған);
161-ден 220 ат күшіне дейін – 3 522 450 теңге (бұған дейін 7 044 900 теңге болған);
221-ден 255 ат күшіне дейін – 4 900 800 теңге (бұған дейін 9 801 600 теңге болған);
256-дан 400 ат күшіне дейін – 5 819 700 теңге (бұған дейін 11 639 400 теңге болған);
400 ат күшінен жоғары – 6 891 750 теңге (бұған дейін 13 783 500 теңге болған).
Айта кетсек, утилизациялық алымның нақты формуласы да бар. Мысалы, қозғалтқыштың көлемі 1 000 см3-ге дейін болса, 50 АЕК (145 850) х 3 (коэффициент) = 459 450 теңге.
Үкіметтің соңғы шешімінен кейін 50 АЕК екі есеге қысқартылып, 25 АЕК-ке дейін түседі.