Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Байменовті қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік қызмет хабы басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменовті қабылдады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Мемлекеттік қызмет хабы басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменов мемлекеттік басқарудағы жаһандық үдерістер туралы мәлімет берді.

Сонымен қатар Президенттің мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту туралы Жарлығын жүзеге асырудың тиімді жолдары талқыланды. Саладағы жемқорлықпен күрес тәсілдерін және мемлекеттік қызметшілердің біліктілігі мен кәсібилігін үздіксіз дамытып отыру жайында пікір алмасты.

Кездесуде мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік аппараттың жұмысын жетілдіруде халықаралық ынтымақтастықтың маңызды екені айтылды. Сондай-ақ үздік халықаралық тәжірибелерді електен өткізіп, мемлекеттік аппарат жұмысына пайдалану қажет екені атап өтілді.

9 қазаннан бастап мектепте оқушының телефон қолдану тәртібі өзгереді

Қазақстанда орта білім беру ұйымында оқушы мен тәрбиеленушінің ұялы телефон қолдану тәртібі бекітілді.

1 желтоқсаннан бастап электромобильдерді қуаттау станциялары міндетті тексеруден өтеді 

Қазақстанда электромобильдерді қуаттау станцияларындағы өлшеу дәлдігіне қойылатын жаңа талаптар енгізіледі.

Астана халқы 1,7 миллионнан асты 

Халық саны бойынша алғашқы орында Алматы қаласы тұр. Қыркүйек басында мегаполисте 2 387 896 адам тіркелген.

КЕМЕЛ ТОҚАЕВ АТЫНДАҒЫ ДЕТЕКТИВ ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін, Абай облысында қазақ детективінің үздік шығармалары анықталып, 15...