Сенат референдум туралы заң жобасын Мәжіліске қайтарды

Сенат депутаттары референдум туралы заң жобасына түзетулер енгізіп, Мәжіліске қайтарды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Комитет атынан салыстырмалы кестені қарауды және Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабы 5-1-тармағына сәйкес Сенатқа «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасына өзгерістерді Парламент Мәжілісіне жіберуді ұсынамын», — деді Сенат депутаты Андрей Лукин.

Құжаттың алдыңғы нұсқасына сәйкес, Тұңғыш Президент мәртебесіне байланысты мәселелер республикалық референдум нысанасы бола алмайды.

Сенаторлардың ұсынысы — бұл норманы заң жобасынан алып тастау. Әңгіме қолданыстағы Заңның 3-бабы 2-тармағы туралы болып отыр.

«Республикалық референдум туралы» Конституциялық заң 1995 жылы қабылданды. Осы кезеңде заңнамалық актілер мазмұнын жақсартуға бағытталған бірқатар өзгеріс болды. Алайда Конституциялық заңның кейбір нормалары ескіргендіктен, ережелер «Құқықтық актілер туралы» заңның 24-бабы 3-тармағына сәйкес нақты және әртүрлі түсіндіруге жатпайтын мағынаны қамтуға тиіс. Заң жобасы республикалық референдумның қорытындыларын шығару кезінде бюллетеньдерді жарамсыз деп тану қағидалары бойынша өзгерістерді көздейді. Сонымен қатар, референдумға қатысу құқығын іске асыру кезінде азаматтың дауыс беру рәсімі нақтыланады. Бұл ретте, заң жобасын талқылау барысында Мәжіліс мақұлдаған заң жобасына толықтыру енгізу қажеттігі туындады. Түзету «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңның 3-бабына енгізіледі», — деді Андрей Лукин.

Енді бұл заң жобасын Мәжіліс депутаттары қайта қарап, келіскен жағдайда құжат одан әрі Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі.

Мегаполистерде баспана бағасы жылдам өсіп жатыр

Наурыз айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жаңа тұрғын үй Астанада 20,7%, Алматыда 20,2%-ға қымбаттаған.

Комадағы науқастарға мүгедектік рәсімдеу жеңілдетіледі 

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарды қолдау тетіктерін жетілдіру бағытында жаңа өзгерістер ұсынды.

2026 жылы Қазақстанда қанша шетелдік жұмыс істей алады 

Қазақстанда 2026 жылы жұмыс берушілер қанша шетелдік қызметкер тарта алатыны нақтыланды.

Мамырдан бастап мобильді аударымдар тексеріледі: Кімдер назарға ілінеді 

Нақты кімнің мобильді аударымдары салық органдарының бақылауына ілінеді? Қандай жағдайда банктер азаматтардың мобильді аударымдары туралы мәліметтерді салық органдарына ұсынады?

Между долгом и справедливостью

ДЕПУТАТЫ ПОДВЕРГЛИ КРИТИКЕ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ ЧАСТНЫХ СУДЕБНЫХ ИСПОЛНИТЕЛЕЙ И НАМЕТИЛИ ПУТИ РЕФОРМЫ СИСТЕМЫ ИСПОЛНИТЕЛЬНОГО ПРОИЗВОДСТВА, ПОДЧЕРКНУВ НЕОБХОДИМОСТЬ УСИЛЕНИЯ ЗАЩИТЫ ПРАВ ГРАЖДАН, ПРОЗРАЧНОСТИ РАБОТЫ ЧСИ И ВНЕДРЕНИЯ СОВРЕМЕННЫХ ЦИФРОВЫХ ИНСТРУМЕНТОВ КОНТРОЛЯ.