Сотталғандармен тренинг өтті

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде сотталғандармен тәрбиелік жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Мекеменің тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен сотталғандар арасында тренинг өтті. Іс-шараға «Pro bono» қоғамдық қорының мамандары қатысып, әдістемелік және практикалық тәжірибедегі жаттығуларын жүргізіп, сотталған азаматтардың сұрақтарына жауап берді.

«Тәрбиелік жұмыстар арқылы сотталғандардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға, психологиялық тұрғыдан қоғамға пайдалы көзқарасты болуға және қоғамдағы әлеуметтік ортаға бейімділігін арттыру бағытында жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Сотталғандар арасында оң мінез-құлықты қалыптастыру мақсатында тәрбиелік іс-шараларды жүйелі түрде ұйымдастырырып, түрлі спорттық шараларды өткіземіз. Жаза басып жаңылғандарға сенім беріп, өмірге оң көзқарасын қалыптастыру, біздің міндетіміз»,- деді әділет капитаны Сұлтан Айғара.

Заң мен тәртіп – әрбір отбасының құндылығы

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №19 мекемесінде «Заң...

Қайырымдылық – жүректен шыққан ізгі іс

Қайырымдылық – адамгершілік пен мейірімділіктің жарқын көрінісі. Осы бағыттағы...