Үш азаматтығы бар әйел Қазақстаннан қуылды

Қазақстандық, ресейлік және канадалық төлқұжаты бар әйел Қазақстан Республикасының Азаматтық туралы заңнамасын бұзғаны үшін мемлекеттік шекарадан өту кезінде «Үрлітөбе» шекаралық бақылау бөлімшесінің өткізу пунктінде ұсталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұсталған әйел сотта 2017 жылдың қарашасында Канада азаматтығын алғанын, ал 2022 жылдың наурызында Ресей азаматтығын алғанын айтқан. Бірақ қазақстандық төлқұжатын өткізбеген және шетел азаматтығын алғанын айтпаған. 

«Әйел адам заңнан бейхабар болғанын айтып, толығымен кінәсін мойындады. Жалғыз ұлы мен немересі Канадада тұратынын, ал Қазақстанда туыстары жоғын айтып, елден шығармауын сұрады», — деді Павлодар облсының Железин аудандық сотының баспасөз қызметі өкілдері. 

Сот үкім шығарарда әйел адам кінәсін мойындағанын және әкімшілік құқық бұзушылықты алғаш рет жасағанын ескеріп, жазаны жеңілдетті.  

«Сот әйелді Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 496-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, Қазақстаннан шығарып жіберу түрінде әкімшілік жазаға тартылды», — делінген хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енді. Сот құжатында заң бұзған әйел Қазақстаннан 10 тәулік ішінде кетуі керегі айтылған. 

Сотталған азаматпен қақпа алдында кездесу ұйымдастырылды

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекемесінде...

В учреждении УИС по области Абай поздравили педагогов с Днём учителя

В учреждении средней безопасности УИС по области Абай в...

Сот актісінің орындалуы әділ сот төрелігін қамтамасыз етеді

Сот актілерін орындау бірқатар нормативтік-құқықтық актілермен реттеледі. Олардың бастысы...

Системный подход к повышению качества государственных услуг в Алматы

Интервью с руководителем Управления государственных услуг Жанбыршиевым Максатом Муртбековичем –...

Халықтың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу кезіндегі жүйелі мәселелерін шешу туралы

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы Жанбыршиев Мақсат Мұртбекұлымен сұхбат –...